Әр елдің дамуы оның институттық негіздерінің берік болуына байланысты. Осыған қатысты қазіргі таңда Қазақстанда конституциялық реформалардың қолға алынып жатқаны мәлім. Бұл шаралардың барлығын еліміздің даму жүйесінің келесі кезеңі деуге болады.
Елбасы ұсынған бес институттық реформаның маңызды тармақтарының бірі ел экономикасын дамытудың моделін жетілдіру мақсатында Үкіметке қосымша өкілеттіктер берумен тығыз байланысты. Бұл орайда, бірқатар маңызды өкілеттік Парламент пен Үкімет құзырына берілмек. Елбасы Жарлығымен құрылған мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобы жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізіп, оның барысы жайында халықты барынша хабардар етуде.
Атқарылып жатқан істі халықтың ашық талқылағаны, халық тарапынан түскен барлық ұсыныстардың назарға алынғаны елімізде негізгі шешімдер азаматтардың талап, мүдделерін ескере отырып қабылданатынын көрсетеді. Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының қорытынды отырысында мүдделі ұйымдар мен халық тарапынан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулердің ашық талқылануы осының айғағы.
Қазіргі таңда әлем экономикасы жаңа үрдіспен алға жылжып бара жатқандығын ескерсек, елімізде қолға алынып жатқан бұл реформаларды уақыт талабына сай іс-қимыл деуге болады. Конституцияға енгізілетін өзгерістердің ықпалын сезіну алдағы уақыт еншісінде деп ойлаймын.
Сонымен, еліміз қазір өткен 25 жылда атқарған істерге баға бере отырып, уақыт сұранысына сай алға қойған стратегиялық мақсаттарға жету жолдарын тағы бір рет саралайтын кезеңді бастан кешуде. Мұндай іс-шаралар тек біздің елде ғана емес, әлемнің басқа мемлекеттерінде де қолға алынуда. Алайда, әр мемлекеттің ондай шараларды жүргізуінің өзіне сай тетігі қалыптасқан.
Біздің ойымызша, қазіргі кездегі Жұмыс тобы ұсынған өзгерістер алдағы уақытта Үкімет пен Парламенттің жауапкершіліктерін одан әрі арттырып, мемлекеттік биліктің кәсіби деңгейін жоғарылатуға оң ықпал ететіні күмәнсіз.
Сержан МӘДИЕВ,
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-тың басқарма төрағасы

ДДҰ ескертуі: Эбола дертіне шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:47
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 12:43
Елімізде нотариустарға бақылау күшейтіледі: Жаңа талаптар қандай?
Заң • Бүгін, 12:30
Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген
Алматы • Бүгін, 12:28
Машина жасау саласында қолдау артады: Мәжіліс жаңа заң жобасын қабылдады
Парламент • Бүгін, 12:20
Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Саясат • Бүгін, 11:55
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Ипотека • Бүгін, 11:50
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
Әлем • Бүгін, 11:40
Қазақстан мен Макао экстрадиция туралы келісімге қол қойды
Саясат • Бүгін, 11:28
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Елорда • Бүгін, 11:23
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Қоғам • Бүгін, 11:21