Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесуде Қ.Қожамжаров Елбасын агенттіктің қазіргі қызметі туралы хабардар етіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы бос тұрған орындарды қысқарту, сондай-ақ, еңбекақы төлеу қорының қаражатын қайта бөлу арқылы енгізіліп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың бонустық жүйесінің маңыздылығын атап өтті.
Қ.Қожамжаров «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау барысы туралы хабарлап, аттестаттаудан өтушілер жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты. Агенттік төрағасының ақпараты бойынша, бүгінге дейін Жоғары аттестациялық комиссияның 14 отырысы болып, республикалық деңгейде 700-ден астам қызметкер әңгімелесуден өткен.
Сондай-ақ, агенттік төрағасы «А» басқарушы корпусын реформалауға қатысты ұсыныстар жөнінде баяндады. Онда қызметкерлердің осы санатына жататын лауазымдар қатарын қысқарту көзделген.
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұдайы оның алдын алу жұмысын сапалы жүргізу қажеттігіне де назар аударды.
– Қылмыстық қудалау тек заң аясында ғана жүзеге асырылуға тиіс. Азаматтарды салмақты негіздерсіз және бұлтартпайтын дәлелдерсіз тұтқындауға болмайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сурет Президенттің баспасөз қызметінен алынды

ДДҰ ескертуі: Эбола дертіне шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:47
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 12:43
Елімізде нотариустарға бақылау күшейтіледі: Жаңа талаптар қандай?
Заң • Бүгін, 12:30
Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген
Алматы • Бүгін, 12:28
Машина жасау саласында қолдау артады: Мәжіліс жаңа заң жобасын қабылдады
Парламент • Бүгін, 12:20
Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Саясат • Бүгін, 11:55
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Ипотека • Бүгін, 11:50
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
Әлем • Бүгін, 11:40
Қазақстан мен Макао экстрадиция туралы келісімге қол қойды
Саясат • Бүгін, 11:28
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Елорда • Бүгін, 11:23
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Қоғам • Бүгін, 11:21