Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесуде Қ.Қожамжаров Елбасыны агенттіктің қазіргі қызметі туралы хабардар етіп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардағы бос тұрған орындарды қысқарту, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорының қаражатын қайта бөлу арқылы енгізіліп жатқан мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың бонустық жүйесінің маңыздылығын атап өтті.
Қ.Қожамжаров «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау барысы туралы хабарлап, аттестациядан өтушілер жақсы нәтиже көрсетіп жатқанын айтты. Агенттік төрағасының ақпараты бойынша, бүгінге дейін Жоғары аттестациялық комиссияның 14 отырысы болып, республикалық деңгейде 700-ден астам қызметкер әңгімелесуден өткен.
Сондай-ақ, агенттік төрағасы «А» басқарушы корпусын реформалауға қатысты ұсыныстар жөнінде баяндады. Онда қызметкерлердің осы санатына жататын лауазымдар қатарын қысқарту көзделген.
Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұдайы оның алдын алу жұмысын сапалы жүргізу қажеттігіне де назар аударды.
– Қылмыстық қудалау тек заң аясында ғана жүзеге асырылуға тиіс. Азаматтарды салмақты негіздерсіз және бұлтартпайтын дәлелдерсіз тұтқындауға болмайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
• 02 Наурыз, 2017
Елбасы: Азаматтарды салмақты негіздерсіз және бұлтартпайтын дәлелдерсіз тұтқындауға болмайды

Қонаевта медициналық кампустың құрылысы қашан басталады?
Аймақтар • Бүгін, 14:33
Азия чемпионаты: Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 14:00
Жаңаталап ауылында жаңа медициналық пункт ашылды
Аймақтар • Бүгін, 13:53
Ғылыми қауымдастық жаңа жобаны талқылады
Ата заң • Бүгін, 12:48
Бокстан Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 11:54
Шала туған 730 грамдық шарана қалай аман қалды?
Медицина • Бүгін, 11:42
Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Президент • Бүгін, 11:27
8 ақпандағы доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 10:40
Grand Slam: Дзюдошы Аман Бақытжан Париждегі турнирде қола жүлдегер атанды
Спорт • Бүгін, 10:27
Алматыда 16 шетелдік елден шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Бүгін ел аумағының басым бөлігін тұман басады
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Олимпиада: Қазақстан спортшыларының 8 ақпандағы жарыс кестесі қандай?
Олимпиада • Бүгін, 09:06
Қазақ спортшылары Олимпиаданың алғашқы күнінде қалай өнер көрсетті?
Олимпиада • Кеше