Бүгін Ұлттық музейде «Елбасы Жолдауы: Қазақстанның жаңа даму бағдары» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауының басым бағыттары талқыланып, көпшілікке жеткізу мақсаттары жөнінде сөз қозғалды. Жолдаудың мәдениет саласына қатысты тұстары баса назарда ұсталып, Ұлттық музейдегі жаңа технологиялардың қажеттіліктері мен тиімділіктері қызу талқыға түсті.
«Бұл өзгеріс, бұл жаңғыру біздің мемлекетіміздің алдындағы жаңа белес және Тәуелсіз мемлекетіміздің алдына қойылған заман талабы десек те болады. Бұл Жолдауды біз жай ғана дөңгелек үстелдерде талқылап қоймай, талаптар мен міндеттерді орындауға талпынуымыз керек», – деді ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары Жәкен Таймағамбетов.
Ал «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы Ақан Оңғар: «Мен осы Жолдаудағы адам факторы, яғни, адам капиталы деген тұсқа тоқталғым келіп отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің көпшілігінде осы мәселеге баса назар аударылады. Яғни, білімді азаматтар, сапалы мамандар дайындау. Осы орайда біз де ұлттық қасиеттерімізді дамыта отырып, халқымыздың сапасын арттыруымыз керек. Және бұл мемлекеттің бағдарламасы болғанымен, сапалы маман болып қалыптасу өзіміздің қолымызда. Мемлекет бізге үміт артады», – деп жас мамандардың алдына үлкен мақсаттар қойды.

ДДҰ ескертуі: Эбола дертіне шалдыққандар саны әлі де өсуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 12:47
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 12:43
Елімізде нотариустарға бақылау күшейтіледі: Жаңа талаптар қандай?
Заң • Бүгін, 12:30
Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген
Алматы • Бүгін, 12:28
Машина жасау саласында қолдау артады: Мәжіліс жаңа заң жобасын қабылдады
Парламент • Бүгін, 12:20
Депутат заң бұзған нотариустарды лицензиясынан айыруды талап етті
Қоғам • Бүгін, 12:10
Қант зауытының «жыры» немесе шаруалар биыл да шырылдап қалмай ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Саясат • Бүгін, 11:55
Шілдеден бастап ипотека алу қиындайды: Сарапшылар не дейді?
Ипотека • Бүгін, 11:50
Илон Масктың жаңа мақсаты: Марста 1 миллион адам тұратын колония құру
Әлем • Бүгін, 11:40
Қазақстан мен Макао экстрадиция туралы келісімге қол қойды
Саясат • Бүгін, 11:28
Қосшыдағы LRT құрылысына байланысты 2 мыңнан астам ағаш көшіріледі
Елорда • Бүгін, 11:23
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Қоғам • Бүгін, 11:21