Men's Health журналының қытайлық нұсқасы ерлерге арналған басылым. Журнал өкілдері "кез келген заманауи ер адамға кеңес бере алатынын" жазған. Басылым 2003 жылдан бастап шығып келеді, журналдың географиясы - ұлттық және жартылай ұлттық. Айта кетейік, басылым тек қытай тілінде тарайды және айына бір рет шығады.
Осының алдында Димаш Құдайберген Southern Metropolis Daily журналының да мұқабасына шыққан болатын.