ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның енбек сінірген ғылым және техника қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор С.Сатыбалдиннің «Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өркендеуіне 25 жыл» атты ғылыми еңбегі 2016 жылы кітап болып шықты.
Бұл ғалымның дамудың қазақстандық жолын зерттеп, ғылыми негіздеуге бағытталған 25 жылдық еңбегінің қорытындысы іспетті, құнды дүние. Автор осы еңбегін КСРО деп аталған алып державаның қирандысынан шаңырағын көтеріп, бұл күндері дүние жүзі түгел мойындаған және ырғақты да қарқынды даму жолына түскен Қазақстан Республикасын құрып, оны жасампаздық идеямен байытқан, көреген, кемел Көшбасшы – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнаған деген алғы сөзбен басталған ауқымды монографиясында «Дамудың қазақстандық жолының» 25 жылдық барысын егжей-тегжейлі ғылыми зерттеп, негіздеп, осының барлығын Тұңғыш Президентіміздің қызметімен тікелей байланысты екенін айқындайды. Бұл экономика ғылымы саласындағы автордың ерекше және теңдессіз жаңалығы. Сатыбалдин Президент қол қойған жарлықтар мен Елбасының тікелей ұсынысы немесе нұсқауы бойынша Парламент қабылдаған заңдар, Үкімет қабылдаған қаулылар мен заңнамалық актілер, ақыр аяғында олардың халықаралық стандартқа сай үйлестірілуі елдегі экономикалық реформаның табысты өтуінен көрініс тапқанын негізге алып, «Дамудың қазақстандық жолының» авторы Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деген қорытынды жасайды.
Циклды ғылыми ізденістің соңғы нүктесіндей «Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өркендеуіне 25 жыл» атты ғылыми монография үш тарауға бөлініп, қарастырылған. Бірінші тарау «Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдардағы экономикасы: Қазақстан экономикасының қиын өрлеуі» деген атаумен бекітілген. Мұнда автор тәуелсіздік алған кездегі еліміздің экономикасы тірелген тұйық, соның салдарынан ел тұрғындары бастан кешкен ауыр әлеуметтік жағдай болмай қоймайтын табиғи құбылыс екенін дәлелдеуге, сондай-ақ, сол қиыншылықтан шығу жолындағы реформаларға, ақыр аяғында, Қазақстанның ырғақты және қарқынды даму арнасына түсуінің себептеріне ғылыми талдау жасаған.
Екінші тарауда 2000 жылдан бастап қарқынды және ырғақты даму арнасына түскен Қазақстан экономикасының 2007 жылғы әлемде болып өткен қаржылық дағдарыстың себептері мен салдары және одан Қазақстан көретін залалын мейлінше азайтуға қатысты Президент Н.Ә.Назарбаевтың тікелей нұсқауымен атқарушы билік жасап, жүзеге асырған дағдарысқа қарсы күрес шаралары бағдарламасының қажеттілігі мен нәтижесі ғылыми-зерттеудің өзегіне айналған. Осы тарауда С.Сатыбалдин әлемдік дағдарыстың себеп-салдарын түсіндіруге арналған мақалаларында Президент Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық валюта және дүниежүзілік қаржы жүйесіне қатысты айтқан сын-ескертпелерінің ғылыми түрде «орынды және өміршең» бастама екенін дәлелдеп шығады.
«Қазақстан-2050» стратегиясынан – «Мәңгілік Елге» деп аталатын үшінші тарауда ғалым-автор Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол», «Мәңгілік Ел», Еуразиялық экономикалық одақ, Кеден одағы, Қазақстанның 2050 жылға дейінге стратегиясы секілді кешенді идеяларына нақты талдау жасап, оның түпкілікті жемісі қандай болатынын дәлелдеп шыққан. Бұл орайда 1994 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеудің мемлекеттік университетіне жиналған Ресей астанасы зиялы қауымның алдында лекция оқыған Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық одақ туралы идеясы түптің-түбінде бүкіл адамзатты бейбіт мақсатта тұтастыратын өміршең бастама екенін, сондықтан да, ол ЕурАзЭҚ, Кеден одағы, еркін экономикалық аймақ арқылы өмірімізден көрініс тауып жатқанын, бұл орайда, Еуроодақтың өзі осындай жолдардан өткенін ғылыми дәлелдеп шыққан.
«Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өркендеуіне 25 жыл» ғалым-автордың ұзақ жылдар бойғы тірнектеп жинаған өмірлік деректері мен дәйектері ғылыми екшеуден өткен қорытындысы. Автор «капитализмнен социализмге өтудің ғылыми негізделген жолы болды, ал социализмнен капитализмге өтудің мұндай жолы болған жоқ. Сондықтан да, ол жолды КСРО державасынан енші алған мемлекеттер өздерінше салды. Мұның ішінде ең дұрысы – «Дамудың қазақстандық жолы» екенін өмірдің өзі дәлелдеп берді, ал оның авторы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» деген тұжырымдама жасайды.
Ғылыми монография болғанымен «Тәуелсіз Қазақстан экономикасының өркендеуіне 25 жыл» жатық, баршаға бірдей түсінікті тілмен жазылған құнды еңбек. Монография туралы еліміздің көптеген ғалымдары, жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары, шетелдік сарапшылар жоғары бағасын баспасөзде жариялап жатыр. Ол пікірлерде «монография Қазақстан Республикасы экономикалық болмыс-бітімінің шежіресі» деген байлам жасалған.
Монография нақты көздерден алынған деректер мен дәйектерге толы.
Көпжасар НӘРІБАЕВ,
ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері

Қазақстанда Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады
Президент • Бүгін, 14:53
Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:49
Ыбықты сай шатқалындағы оқиға бойынша қатаң қорытынды шығару керек: Президент вандализм туралы
Президент • Бүгін, 14:40
Президент: Жастарымызды қатаң, тіпті қатігез бәсекелес ортада табысқа жетуге даярлауымыз керек
Президент • Бүгін, 14:31
Мемлекет басшысы: Өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі екі есе өседі
Президент • Бүгін, 14:23
«Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады
Президент • Бүгін, 14:18
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ – өнердің киесін ұғатын, өнерпаздың қадірін білетін жұрт
Президент • Бүгін, 14:10
Ел тұрғындары әуе таксиіне қашан міне алады?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сот орындаушылары енді алимент шоттарынан ақша өндіре алмайды
Парламент • Бүгін, 13:53
Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз қандай қылмыс жасады?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:20
Депутат: Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі әділетсіздік
Парламент • Бүгін, 13:12
Амнистия мәселесі қайта көтерілді: Қандай айыппұлдар кешіріледі?
Парламент • Бүгін, 12:59
Қазақстанда жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді
Парламент • Бүгін, 12:55
Эбола індеті Еуропаға жетті: АҚШ дәрігері Берлин ауруханасына жатқызылды
Әлем • Бүгін, 12:47
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 12:43