Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты. Талғат Байсүфиновтің орнына ресейлік маман Александр Бородюк тағайындалды.
Федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Бородюкті таңдаудағы басты себептің бірі оның біздің құрамамен жұмыс істеуге деген ықыласы көрінеді. Ол бірқатар ұлттық құрама мен өзге елдердің футбол ұйымдарының ұсыныстарынан бас тартыпты-мыс.
Келісімшарт үш жылға есептелген. Жаңа бапкерге жергілікті жас дарындардың талантын ашу, құраманы жасарту міндеттері жүктелді. Қазақстан Футбол федерациясы бұл тапсырманы жүзеге асыруға Александр Бородюктің мол тәжірибесі жететініне сенімді көрінеді.
Ал Талғат Байсүфинов болса, федерацияның техникалық директоры қызметін атқарады. Басшылық осындай шешім қабылдапты. Енді ол 17 жастағы жасөспірімдер құрамасынан бастап, ұлттық құрамаға дейінгі командалармен жұмыс істейді. Сонымен қатар, оның жаңа қызметіне футбол клубтары мен орталықтарда құрама команда үшін футболшылар даярлау міндеті кіреді.
Сонымен, «Бородюк деген кім, маманның қандай жетістіктері бар?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Футболшы ретінде допты тәуір тепкен. Шабуылшы болып өнер көрсеткен. Воронежде туған Бородюк спорттық мансабын жергілікті «Факел» командасында бастаған. КСРО кезінде карьерасының басым бөлігін Мәскеудің «Динамо» командасында өткізген. 1988 жылы жамбылдық Евгений Яровенкомен бірге Сеул Олимпиадасында чемпион атанған соң, Германияға ауысады. Өйткені «Динамоға» Анатолий Бышовец бас бапкер болып келген соң, негізгі құрамға іліге алмайды.
Германияда екінші бундеслигадағы «Шальке-04» командасының жейдесін киді. Екі маусымда 30 гол соғып, команданың сол кездегі сұрмергені болды. 1993 жылы «Kicker» журналының тұжырымы бойынша чемпионаттың үздік үш футболшысының қатарына енді. Сонан соң, келесі жылы «Фрайбургке» ауысып, бундеслиганың қола жүлдесін жеңіп алды.
Сол кездегі Германия құрамасының бас бапкері Берти Фогтстің: «Өкінішке қарай, Бородюк неміс емес. Әйтпесе, оған Германия құрамасынан орын табылатыны анық», деп айтқаны бар.
Бапкерлік карьерасын 2001 жылы «Крылья Советов» командасынан бастады.
2002 жылы ол Ресей құрамасының бапкерлер штабына енді. Ал үш жылдан кейін Ресейдің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы атанды. Дегенмен ұлттық құрамадағы қызметін тоқтатпады. Гус Хиддинк, Дик Адвокат секілді танымал голландиялық мамандардың көмекшісі болды. Сол кезде бапкер ретінде біраз тәжірибе жинаса керек. 2013 жылы Мәскеудің «Торпедосын» Ресейдің премьер-лигасына алып шықты.
Ал өткен жылы Алматының «Қайратымен» үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Наурызда Қазақстан Суперкубогын ұтып алды. Бірақ чемпионатта қатарынан үш турда ұтылып, өз еркімен қызметінен кетті. Алайда, Бородюк қызметтен кету себебін тілшілерге берген сұхбатында басқаша түсіндірген еді.
«Старт шынымен сәтсіз басталды. Бірақ менің қызметімнен кетуімнің себебі спорттық тұрғыдан болған жоқ. Ал оның нақты себебін жариялы түрде айта алмаймын», деп еді А. Бородюк.
Сол кезде ресейлік маманға «Алматыдағы сәтсіздік болашақта бапкерлік беделіңізге соққы болып тимей ме?», деген сауал да қойылған-тын.
«Мүлдем олай емес. Маған Газзаев, Ярцев, Хиддинк, Адвокат, Семин, Игнатьев секілді өзімен бірге жұмыс істеген бапкерлердің пікірі ғана маңызды. Солардың берген бағасы құнды. Ал қалған елдің не айтқанында менің шаруам жоқ», деген болатын ол.
«Қайратта» жолы болмаған бапкердің құрамаға келуі жанкүйерлердің қытығына тиіп жатқаны сөзсіз. Жалпы, Ресейден келген мамандардың қазақ футболының көсегесін көгертіп жібергені шамалы. Польша мен Румыниямен өз алаңында тең түсуге шамасы жеткен Байсүфиновті аяқ астынан алып тастауға не түрткі болғаны тағы түсініксіз.
Бір кездері бас жаттықтырушы болған Леонид Пахомовтан әзер құтылған едік. Тағы да солай болып жүрмесе қайтсін?! Әлбетте, әліптің артын бағамыз. Балапанды қоңыр күзде санайтыны секілді, Бородюктің де мүмкіндігін сол кезде байқармыз...
Бек ТӨЛЕУОВ,
журналист
АСТАНА

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Қоғам • Бүгін, 10:28
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Оқиға • Бүгін, 10:03
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Саясат • Бүгін, 09:56
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Пікір • Бүгін, 09:18
Адам капиталына басымдық беріледі
Пікір • Бүгін, 09:15
Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы
Пікір • Бүгін, 09:13
Реформа • Бүгін, 09:10
Жаслан Мәдиев: Цифрландыру – экономиканың қозғаушы күші
Сұхбат • Бүгін, 09:07
Тұлға • Бүгін, 09:05
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»
Тағзым • Бүгін, 09:02
Мақта-тоқыма кластері: Жаңа индустриялық кезең
Экономика • Бүгін, 09:00