Биылғы ақпан айында Ақтөбе қаласының әлеуметтік-демографиялық өмірінде айта қаларлықтай жаңалық болды. Қала тұрғыны, алтын құрсақты ана Айсәуле Сатыбалдиева 34 жасында оныншы перзентін өмірге әкелді. Осы арқылы ол Ақтөбенің ең жас «Алтын алқа» иегері атанды. Ал бұл марапат кем дегенде сегіз бала өсірген көп балалы
аналарға берілетінін ескерсек, бүгінгі ақтөбелік жас аналар мен келіншектердің арасында он түгілі, сегіз баланы дүниеге келтіргендер ілуде бір екеніне көз жеткіземіз. Қалай дегенде де, қазіргі кезде аналардың он баланы дүниеге әкелуі сирек көрініске айналып бара жатқаны рас.
Әрине, мұның түрлі себептері болуы мүмкін. Әйтсе де, біз оның бәрін талдап жатпай, есесіне әңгімемізді көп балалы отбасы атанудың, ағалы-інілі және апалы-сіңлілі болудың оң қырларына қарай аударғымыз келеді. Мұндайда қайсы біреулер көп баланы өмірге әкеліп, асырап өсіруге шамамыз келмейді, материалдық жағдайы-
мыз көтермейді деп уәж айтуы да әбден мүмкін. Мұны қисынсыз пікір дей алмайсыз. Дегенмен, «Қой егіз тапса, қос түп жусан артық шығады», «Әр баланың өз несібесі бар» деген халық даналығын еске сала кеткеннің де артықшылығы жоқ. Осы халықтық қағиданы он баланы дүниеге келтірген ақтөбелік ана Айсәуле Сатыбалдиева да қуаттады.
Кешегі кеңестік кезеңге қарай шегініс жасап көрейікші. Сол дәуірден нені көңілге түюге болады? Бұл ең алдымен алпысыншы-жетпісінші жылдар аралығындағы бала туу санының күрт өсімі. Бір отбасында бес-алты баладан кем болмайтын, әрі сегіз-он балаға «әлемнің жарығын сыйлаған» ата-аналар өте жиі кездесетін. Ал сол кездегі тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық деңгейі қазіргі қазақстандық қоғам мүшелерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен тұрды десек, қателеспейтін шығармыз. Өйткені, ол дәуірде жартымсыз кесімді жалақыдан өзге табыс көздері жоқ болатын. Тіпті, Кеңес өкіметі жеке тұрғындардың қолындағы мал санын шектеу жөнінде шаралар белгіледі. Соның өзінде көп балалы отбасылар өз балаларын ешкімнен кем қылмай өсірді.
Әлеуметтанушы мамандар бір отбасындағы үйелмелі-сүйелмелі көп баланы тәрбиелегеннен гөрі, жалғыз баланың тәрбиесі әлдеқайда күрделі болатынын тұжырымдайды. Халқымыз тумысынан өте балажан екені де шындық. Сондықтан өз перзент-
терін еркелетіп өсіруге ден қояды. Алайда, шектен тыс еркелік жеткіншектің бойында өзімшіл мінез-құлықтың пайда болуына соқтырмай қоймайды дейді тәрбие ісінің мамандары. Мұндай көрініс, әсіресе, жалғыз перзенті бар отбасылардың арасында жиі кездеседі. Оның үстіне ата-анасы еркелетіп өсіргенімен, өмір ондай еркелікті көтермейтіні де аян. Жалғыз бала ержеткен соң өмірде әртүрлі келеңсіз жағдайларға тап болатынына, ал көп балалы отбасында тәрбиеленген балалардың көпшіл, бауырмал, өзгеге қолдан келген көмегін беруге бейім болып өсетініне өмірдің өзінен көптеген мысалдар келтіруге болады.
Еліміздің демографиялық өсімін жақсарту жөнінде бұдан биік межелер де белгіленер. Алайда, басты мәселе тек осы индекспен есептелмейтінін әрі бағаланбайтынын ұғына алар ма екенбіз. Тұтастай алғанда, бүгінде елімізде жас отбасыларға мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық олардың перзент санын шектемеуіне оң әсер етеді деген ойдамыз.
Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Хайреден РАУШАНОВ
Ақтөбе

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді
Банк • Бүгін, 13:00
Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі
Мектеп • Бүгін, 12:55
Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Спорт • Бүгін, 12:49
Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын
Қазақстан • Бүгін, 12:22
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 12:06
Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды
Аймақтар • Бүгін, 11:58
Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 11:48
Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 11:35
Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?
Экология • Бүгін, 11:28
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32