«Әлемдегі барлық бала бір тілде күледі» деген қанатты сөз бар. Кеше елордадағы «SOS балалар ауылында» балдырғандарға шаттық сыйлаған ерекше шара өтті. Алғыс айту мерекесіне орай ұйымдастырылған шара барысында, «Астана Моторс» компаниясы балалардың игілігі үшін үш бірдей шағын автобусты сыйға тартты.
«SOS балалар ауылындағы» балдырғандар құрметті қонақтарды құшақ толы гүлдерімен, ыстық ықыластарымен қарсы алды. Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын шараға мұрындық болған Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева, «Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов, «SOS балалар ауылы» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Серік Сейдуманов және басқа да меймандар балдырғандардың пейіліне разы болып, толқығандары жүздерінен көрініп тұрды.
Балалардың қуанышын бөлісуге келген сенатор Дариға Назарбаева:
– Бүгін баршамыз өте қуанышты, шуақты шараға куә болып отырмыз. Бүгін біз бір-бірімізді қуантып, алғыс айтамыз. Қымбаттыларым менің, біз бірге болсақ, бір-бірімізге мейірімді болсақ, алынбайтын қамал жоқ. Ешқашан кері шегінбеу керек. Ешқашан мұңаймау керек. Сендер – бізге, біз – сендерге демеу болуға тиіспіз, – деді. – Бүгінде қаншама ұлт өкілдері кең-байтақ елімізді мекендеп, бақытын тапты. Сол үшін олар қазақ отбасыларына алғыс білдіреді. Осы орайда, Президентіміз көктемнің алғашқы шуақты күнін Алғыс айту күні ретінде мемлекеттік мереке етіп бекітті. Біз сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Осылай деген Дариға Назарбаева оларға көліктердің кілтін ұсынды. Сонымен қатар, сенатор қазақстандағы «SOS балалар ауылдары» қорының құрметті президенті, осы балалар ауылдарының ашылуына себепкер болған адам – анасы Сара Алпысқызының балалар мен тәрибешілерге арнаған ыстық сәлемін жеткізді. Сара Алпысқызы бұл балаларды ұмытпағанын, үнемі есінде сақтайтынын, балалардың ортасына жақында өзі келетінін айтты.
«Астана Моторс» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов айтқандай, отандық үш автокөліктің біреуі Астанадағы балаларға арналса, қалған екеуі Алматы мен Теміртау қалаларындағы «Балалар ауылдарына» жіберілмек.
Бір айта кетерлігі, құрылғанына биыл 25 жыл толатын компания алдағы уақытта қайырымдылық мақсаттағы шаралардың легін жалғастыра бермек. Компания президенті балаларды жақында елордада ашылатын «Мега» сауда, ойын-сауық орталығында қыдыртып, орталықтың балаларға арналған барлық қызықтарын көрсетуге уәде берді.
Балдырғандар сый-сияпатқа мәз-мейрам болып қуанып, өздерінің ақ тілектерін ақтарды. Сегіз жасар Ескендір:
– Біз енді сабаққа, секцияларға, басқа жерлерге осы машинамен барамыз. Қаланың әдемі жерлерін аралаймыз, – деді.
Балалар мерекеге орай арнайы концерттік бағдарлама әзірлепті. Ән шырқап, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Құрметті қонақтарға арнаған сый-сияпаттары да бар екен. Олар тәрбиешілерімен бірлесіп жасаған фотоальбомды Дариға Назарбаеваға ұсынды. ЭСКПО-2017 халықаралық көрмесінің бойтұмарларының жұмсақ мүсіндерін басқа да меймандарға тарту етті.
Елімізде «SOS балалар ауылдарының» ашылғанына биыл 25 жыл толады. Осыған орай, алдағы жазда көлемді шара өткізуді жоспарлап отырған «Балалар ауылдарының» кішкентай тұрғындары мен тәрбиешілері құрметті қонақтарды сол шараларға келуге шақырды.
Арнұр АСҚАР,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ,

Қазақстанда Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы іске қосылады
Президент • Бүгін, 14:53
Германия Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокурорын экстрадициялаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:49
Ыбықты сай шатқалындағы оқиға бойынша қатаң қорытынды шығару керек: Президент вандализм туралы
Президент • Бүгін, 14:40
Президент: Жастарымызды қатаң, тіпті қатігез бәсекелес ортада табысқа жетуге даярлауымыз керек
Президент • Бүгін, 14:31
Мемлекет басшысы: Өнерпаздарға берілетін мемлекеттік стипендия көлемі екі есе өседі
Президент • Бүгін, 14:23
«Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады
Президент • Бүгін, 14:18
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ – өнердің киесін ұғатын, өнерпаздың қадірін білетін жұрт
Президент • Бүгін, 14:10
Ел тұрғындары әуе таксиіне қашан міне алады?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сот орындаушылары енді алимент шоттарынан ақша өндіре алмайды
Парламент • Бүгін, 13:53
Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған отандасымыз қандай қылмыс жасады?
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:20
Депутат: Әділет вице-министрінің мемлекеттік тілді білмеуі әділетсіздік
Парламент • Бүгін, 13:12
Амнистия мәселесі қайта көтерілді: Қандай айыппұлдар кешіріледі?
Парламент • Бүгін, 12:59
Қазақстанда жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді
Парламент • Бүгін, 12:55
Эбола індеті Еуропаға жетті: АҚШ дәрігері Берлин ауруханасына жатқызылды
Әлем • Бүгін, 12:47
Астанада ит еті қосылған тағамдар сатылды деген хабар жалған болып шықты
Оқиға • Бүгін, 12:43