Алматы қаласындағы Ермек Тұрсыновтың киноклубында Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Кәукеннің жұлдызы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Деректі фильм Қазақ КСР-нің халық артисі, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың және Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, КСРО кинематографистер одағының мүшесі, профессор, опера әншісі, театр және кино актері Кәукен Кенжетаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайды. – Кәукен ағамен бес-алты фильмге түстік, талай бірге жүрдік, туған бауырлардай сыйластық. Оның біреуге ренжіп тұрғанын ешқашан көргенім жоқ. Ешқашан біреу туралы жаман сөз айтпайтын жаны таза, жүрегі пәк адам болатын. Осы фильмге Кәукен ағаның шығармаларын оқуға ұсыныс түскен кезде, бірден қуана келістім, – деді актер Нұржұман Ықтымбаев. – Бұл еліміздің мәдениетіне орасан зор үлес қосқан аты аңызға айналған тұлғалардың өмірбаяны туралы жасаған бірінші деректі фильмім емес. Бұған дейін Кәукен Кенжетаевтың бауыры, ұлы режиссер Шәкен Аймановтың шығармашылық жолына арналған деректі фильм түсірген болатынмын. Сондықтан да, осындай біртуар азаматтарды сыйлаған сол дәуірге, сол материалдарға қайта үңіліп, жұмыс істегеніме қуандым. Әсіресе, кейіпкеріміздің туған жері – табиғаты көркем, қазақтың дәстүрі мен тарихына бай Баянауыл өлкесі маған қатты әсер етті. Кәукен ағамыздың ішкі жан дүниесінің қалыптасуына туған жері үлкен әсер етті деп ойлаймын, – деді картинаның режиссері Ғазиз Насыров. Айта кетсек, «Кәукеннің жұлдызы» атты қойылымдық сахналары бар деректі фильм 2016 жылы Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдығына арнайы өндіріске жіберілген болатын. Фильм Кәукен Кенжетаевтың туып-өскен жері Павлодар облысы, Баянауыл өлкесінде және Алматы қаласында түсірілді. Кәукен Кенжетаевтың образын жас актер Ержас Рақымбеков сомдап шықты. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан»
Кино • 02 Наурыз, 2017
«Кәукеннің жұлдызы» фильмінің тұсаукесері өтті
Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18
Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?
Қоғам • Бүгін, 11:08
Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Digital • Бүгін, 10:59
Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 10:45
Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?
Банк • Бүгін, 10:32
Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полиция басқармасына жаңа басшы келді
Қоғам • Бүгін, 10:28
Алматы − Қонаев тасжолы: Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады?
Аймақтар • Бүгін, 10:13
Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірім уланып қалды: Оқиға мектепте болған
Оқиға • Бүгін, 10:03
Мәжіліс пен Беларусь Парламенті заң шығару саласында тәжірибе алмасады
Саясат • Бүгін, 09:56
6 ақпанда республика бойынша қай жолдар жабық?
Ауа райы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер болжамы: Қазақстанда күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Пікір • Бүгін, 09:18
Адам капиталына басымдық беріледі
Пікір • Бүгін, 09:15
Мемлекет пен қоғамның айқын таңдауы
Пікір • Бүгін, 09:13
Реформа • Бүгін, 09:10