е
Әлем • 20 Желтоқсан, 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар
Нөсер жауыннан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаларды су басты. Ел билігі тұрғындарды үйде қалуға, су басқан аймақтардан аулақ болуға және саяхатты шектеуге шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады
Президент 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына баратыны белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қылмыс • 20 Желтоқсан, 2025
Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды
Бас прокуратура Интерпол және Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Швециядан аса ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 20 Желтоқсан, 2025
Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды
Денсаулық сақтау министрлігі жүргізіліп жатқан реформалардың және азаматтардың өмірі мен денсаулығының сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттік саясатты дәйекті іске асырудың нәтижесі болған денсаулық сақтау саласындағы қызметті қорытындылайды.
Жемқорлық • 20 Желтоқсан, 2025
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жетісу облысы Ескелді ауданындағы Бақтыбай ауылында орналасқан Мәдениет үйін күрделі жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2025
Өзбекстанда Disneyland салынуы мүмкін
Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Саиди Мирзиёева Ташкентте The Walt Disney компаниясының вице-президенті Хайма Вашингтонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты, деп хабарлайды.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Келесі «Орталық Азия – Жапония» саммиті елімізде өтеді
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Президент Қазақстанның 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болғанын айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады
Мемлекет басшысы Жапониямен туризм саласындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын атады. Оның ішінде бірыңғай туристік маршрут әзірлеу, виза рәсімдерін жеңілдету сынды мәселелер бар, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Токионың жасанды интеллект жөніндегі бастамасына қолдау білдірді
Мемлекет басшысы Токионың Орталық Азия елдерімен жасанды интеллект саласы бойынша тың серіктестік орнату жөніндегі бастамасына қолдау білдірді, дем хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеу платформасын құруды ұсынды
Президент еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша мән беретінін айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы ғалымдар мен зерттеушілердің кездесуін Астанада өткізуді ұсынды
Президент Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасының іске қосылуын құптайтынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Жапония Үкіметінің Ақтау портындағы кедендік рәсімдерді жетілдіруге атсалысу туралы шешімін құптады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президенттің Жапонияға сапары аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды
Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 20 Желтоқсан, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы бүгінгі тарихи кездесуді ұйымдастыруға бастамашы болғаны және қонақжайлық танытқаны үшін Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиге алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Әлем • 19 Желтоқсан, 2025
YouTube істен шығып, пайдаланушылар шағымданды
Әлем бойынша пайдаланушылар YouTube қызметіндегі ақауға шағымданып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2025
Павлодарда құны 100 млн теңге тұратын жер мемлекетке қайтарылды
Ауыл шаруашылық айналымына енгізілмеген жерлердің жалпы аумағы екі жүз гектардан асқан. Жер учаскелері ұзақ уақыт пайдаланусыз тұрған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2025
Шымкентте 12 жасар оқушы жеті жыл ішінде 650 кітап оқыған
Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 19 Желтоқсан, 2025
Елде фермерлерге арналған тікелей сатып алу бағдарламасы басталды
19 желтоқсаннан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025 жылғы өнімге жататын дәнді және майлы дақылдарды тікелей сатып алуды бастайды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Атырау облысында 4 күннен бері із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі табылды
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, 2025 жылғы 19 желтоқсанда сағат 15:10 шамасында іздестіру тобының күшімен Каспий теңізінің жағалауындағы «Ботахан» кен орнының маңынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Желтоқсан, 2025
Кейінгі жылдары псевдоғалымдар, балгерлер, нумерологтар, астрологтар т.б. қаптап, оларға адамдардың алдануы қоғамдық сипат алып отыр. Дереккөздерге сүйенсек, 2024 жылы ел тұрғындары эзотерикаға 3 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаған. Халық алданып, неге мәселелер болып жатыр? Жалпылама тарқатып көрейік...
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Мемлекеттік мекеме басшыларына кәсіпкерлікпен айналысуға бола ма?
Парламент ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының – мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар (мектеп, аурухана және басқа да ұйымдар) директорлары мен жетекшілерінің кәсіпкерлікпен айналысуына қойылған тыйымды алып тастайтын Заң қабылдады. Бұл өзгерістер олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергі келтірмеу, қызметтік мүлікті пайдаланбау және мүдделер қақтығысына жол бермеу шартымен жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 19 Желтоқсан, 2025
Жұлдыз Данбаева: МӘМС-ке аз ақша төлеп, медициналық көмектің сапасы шетелдегідей болғанын қалаймыз
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін үйлестіруге осы күнге дейін жүйелі қадамдар жасалды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Денсаулық сақтау министрлігі де бірнеше маңызды шешім қабылдады. Осындай өзгерістерге қарамастан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығына маман тұрақтамай жатқаны салада кемшіліктер барын ұқтырса керек, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 19 Желтоқсан, 2025
Еуроодақ Украинаға 90 млрд еуро аударады
Еуропалық одақ 2026–2027 жылдары Украинаға қаржылай қолдау көрсету туралы ортақ шешімге келді. Көмек көлемі 90 млрд еуро болып белгіленді. Бұл қаражат Киевтің алдағы екі жылдағы шұғыл қаржылық қажеттіліктерін өтеуге бағытталмақ, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Мектептерде сынып ішіне бақылау камерасын қоюға рұқсат етіле ме?
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Бас тақырып» бағдарламасына сұхбат берді. Министр сұхбат барысында сынып ішіне бақылау камераларын орнату мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 19 Желтоқсан, 2025
Шымкент тұрғыны заңсыз газдалған сусын өндіріп сатқан
Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаментімен бірлесіп, жалған газдалған сусындарды жойды. Тексеру барысында шаһардағы супермаркеттердің бірінен «Натахтари» тауар белгісімен шығарылған 140 дана контрафактілік газдалған сусын анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 19 Желтоқсан, 2025
Бүгін «Астана Арена» маңында көлік қозғалысына шектеу қойылады
Бүгін елорданың 6 ауданында сағат 18:00-де 40-тан астам шыршаның шамы жағылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, келушілер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында іс-шаралар өтетін уақытта «Астана Арена» стадионының маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Nazarbayev University докторантураға 200 грант бөледі
15 жылдық мерейтойы аясында Nazarbayev University докторантураға қабылдау көлемін едәуір арттырмақ. Университет PhD бағдарламаларына 200 толық грант ұсынып, ғылыми кадрлар даярлауды жаңа деңгейге шығаруды көздеп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 19 Желтоқсан, 2025
Астанада бір күнде екі адам өзіне қол жұмсады
Елорданың екі түрлі ауданында бір тәуліктің ішінде екі қайғылы жағдай орын алды. Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты растап, оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.