Мереке • 02 Ақпан, 2026

Наурыз айында ел тұрғындары қатарынан бес күн демалады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл наурыз айында мерекелерге байланысты ел тұрғындары қосымша төрт күн демалады. Оның ішінде үш мерекелік күн демалыс күндеріне сәйкес келіп, басқа күндерге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Наурыз айында ел тұрғындары қатарынан бес күн демалады

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты мерекелік демалыс 9 наурыз дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде ел тұрғындары 7, 8 және 9 наурызда қатарынан үш күн демалады.

2026 жылғы діни күнтізбе: Ораза қашан басталады?

Наурыз мейрамы – 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге түсіп тұр. Сондықтан 24 және 25 наурыз демалыс күндері болып жарияланады. Осылайша, Наурыз мейрамында азаматтар 21-25 наурыз аралығында қатарынан бес күн демалады.

Соңғы жаңалықтар

Шерхан және Гамлет

Өнер • Бүгін, 15:25

Алматы маңында жер сілкінді

Алматы • Бүгін, 15:02