Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның мәліметінше, QURMET картасы купе, плацкарт және отыратын вагондарда орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Ал 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған KETTİK33 картасымен купедегі жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билетті арзанға рәсімдеуге болады. Карталардың құны – 3 000 теңге.
Дисконттық карталарды тек теміржол вокзалдарындағы ресми кассалардан жеке куәлік арқылы алуға болады. Жеңілдіктер кассада немесе bilet.railways.kz сайтында ғана істейді, ал екінші деңгейлі банк қосымшаларында қарастырылмаған.
Қазақстан теміржол паркі жаңарады: 2026 жылы 91 жаңа вагон қолданысқа беріледі
Жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ұсынылады. Алайда мерекелік күндер мен жазғы маусымда карталардың қолданылуы уақытша тоқтатылады:
- 2026 жылғы 20-29 наурыз аралығы;
- 2026 жылғы 25-30 желтоқсан аралығы;
- Маусым-тамыз айлары.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми Instagram парақшасынан алуға болады.
Ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттеріне жеңілдіктер мерзімін қысқа дейін ұзартты