Ведомствоның мәліметінше, 30 қаңтарда Оңтүстік Корея Республикасының Мэндон-мён қаласында азық-түлік пен сусын өндіретін кәсіпорында өрт шыққан. Оқиғадан кейін 81 қызметкер эвакуацияланған, алайда екі жұмысшының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бір азаматының қайда екені белгісіз болып отыр.
Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты
Полиция мен өрт сөндіру қызметінің дерегіне сәйкес, 31 қаңтар күні таңертең өртенген цехтың ішінен жеке басы анықталмаған мәйіт табылған. Қазіргі уақытта полиция марқұмның жеке тұлғасын анықтау үшін істі Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жолдаған.
Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі полициямен және өртке қарсы қызметпен, сондай-ақ жоғалған Қазақстан азаматының туыстарымен тұрақты байланыста. Аталған мәселе елшіліктің ерекше бақылауында.
Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады