Қазақстан • 02 Ақпан, 2026

Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметі биылғы қаңтар айында мемлекеттік шекараны қорғау бағытында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Бір айдың ішінде шекара кеңістігінде ел заңнамасын бұзған 3 026 адам ұсталса, оның 2 594-і − шетел азаматтары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді

Фото: ҰҚК (архив)

Шекарашылар заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

  • 25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер);
  • 580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
  • 376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

Сонымен қатар Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесіліп, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленіп алынған.

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады

Соңғы жаңалықтар