Аймақтар • 02 Ақпан, 2026

Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Астана − Ақтау» бағытындағы әуе рейсі кезінде жолаушылардың біріне шұғыл көмек көрсеткен маңғыстаулық Махсуд Ибадуллаев − Қарағанды медициналық институтының интернатурасында оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстаулық студент ұшақ бортында жолаушыға жәрдемдесті

23 жастағы бейнеулік болашақ дәрігердің айтуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін шамамен 40 минут өткен соң бортсеріктер салонда дәрігердің көмегі қажет екенін бірнеше рет хабарлаған.

Маңғыстауда екі тәулік жолда тоңған жүк көлігі жүргізушісіне полицейлер көмектесті

«Қарағандыда соңғы емтиханымды тапсырып, Астанаға аэропортқа қарай шығып кеттім. Өзімді негізгі емтихандардан кейін шаршаңқы сезініп тұр едім. Ұшақ ұшқаннан кейін шамамен 40 минуттан соң бортсерік дәрігерлер бар ма деп хабарлады. Жүз адамның ішінен білікті дәрігерлер табылар деп  үндемедім. Бортсерік үшінші рет қайталап айтқаннан кейін өзім тұрып науқасқа бардым. Ең бірінші өзімді таныстырдым. Кейін науқасты сабырға шақырып, не мазалап тұрғанын сұрап алдым. Науқасты қарап тексергенде жағдайы орташа ауырлықта, сұрақтарға әлсін−әлсін жауап береді. Қан қысымын тексердім. Ол кісі Астана қаласынан ауруы бойынша емделіп келе жатыр екен. Қанында қант деңгейі түсіп кеткенін түсіндім», деді Махсуд Ибадуллаев.

Біліміне сүйеніп, жедел көмек көрсетуге тырысқан маман ұшақ қонғанша науқастың жанында жағдайын бақылап отырған.

«Науқастың қант деңгейін тексеретін құрал багаж бөлімінде болғандықтан ұшақ бортында оны алу мүмкіндігі болмады. Басында науқасқа медициналық қобдишадағы 40 пайыздық ампуладағы глюкозаны енгізу ойда болған. Алайда алдымен оған екі-үш қасық қант қосылған шәй мен кішкене шоколад бердім. Сосын науқастың жағдайы жақсарды. Кейін қайта қан қысымын өлшегенде 90-60-тан 120-80-ге өзгерді. Ұшақ қонғанша науқастың жанында жағдайын бақылап отырдым. Себебі науқас өмірін жақсарту − басты борышым», деді Махсуд Ибадуллаев.

Алматының комьюнити орталықтары биыл қанша азаматқа көмектесті?

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37