Фото Pexels.com
Клубтардың трансферлік өтемақыларға жұмсаған жалпы шығыны тарихта алғаш рет 10 млрд доллардан асып, 13,11 млрд долларды құрады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 50%-дан астам жоғары, ал 2023 жылғы рекордтан 35,6%-ға көп.
Ерлер арасындағы кәсіби футболда трансферлік шығындар мен табыс бойынша англиялық клубтар көш бастап тұр. Олар ойыншыларды сатып алуға 3,82 млрд доллар жұмсап, сатылымнан 1,77 млрд доллар табыс тапты. Ал трансфер операцияларының саны бойынша Бразилия клубтары бірінші орынға шықты – 1 190 кіріс және 1 005 шығыс трансфер.
Жаңадан келген ойыншылар үшін трансферлік өтемақы төлеген клубтардың саны рекордтық 1 214-ке жетті. Сондай-ақ ойыншыларды сату арқылы табыс тапқан клубтар саны бойынша да жаңа максимум орнатылды – 1 495 клуб.
Әйелдер футболында да қарқынды өсім байқалады. 2025 жылы әйелдер арасындағы кәсіби футболдағы трансфер шығындары 28,6 млн долларға жетіп, бір жылда 80%-дан астам артты. Кәсіби футболшы әйелдердің 2 440 халықаралық трансфері тіркелді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға көп.
Әуесқой футболда 2025 жылы 59 162 халықаралық ауысым рәсімделді (жылдық өсім – 9,4%). Әсіресе Германия клубтары әуесқой ойыншыларды қабылдау бойынша көш бастады (7 041 ойыншы).
Global Transfer Report 2025 есебінде трансферлік төлемдер, келісімшарт пен ойыншылардың сипаттамалары бойынша кеңейтілген талдау, сондай-ақ селекция және қысқа мерзімді жаттығу тағылымдамаларына арналған жеке бөлім бар. Есеп ФИФА-ның интерактивті онлайн-платформасымен бірге жарияланды.