Соңғы жаңалықтар
Спорт • 10 Қаңтар, 2026
«Қайрат» Чемпиондар лигасы матчы алдында ойсырай жеңілді
БАӘ-де оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Әбу-Дабиде Әзербайжанның «Нефтчиімен» жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 10 Қаңтар, 2026
2025 жылы Қазақстанда театр билеттерінің бағасы рекордтық деңгейде қымбаттаған
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда театрға бару құны айтарлықтай қымбаттап, соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Желтоқсан айының нәтижесімен театр билеттерінің бағасы жылдық есепте 43,3%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 10 Қаңтар, 2026
Алматы хайуанаттар бағы тұрғындарды шыршаларға екінші өмір сыйлауға шақырды
Қаңтар айының соңында жаңа жылдық шыршалар қоқысқа шығарылады. Лақтырылған шыршалар бойынша нақты цифрлар жоқ, бірақ Алматыда 2026 жылғы 18 қаңтарға дейін хайуанаттар паркі үшін (жануарлар мен ортаны байытуға арналған) тірі шыршалар жиналып жатыр және қала тұрғындарын оларды лақтырудың орнына тапсыруға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
Иранның тақ мұрагері Реза Пехлеви халықты жаппай наразылыққа шығуға шақырды
Иранның соңғы шахының ұлы, тақ мұрагері Реза Пехлеви Иран халқын елдегі билікке қарсы жаппай наразылыққа шығуға шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Қаңтар, 2026
Қылмыс төмендеп, цифрландыру күшейді: ІІМ 2026 жылғы басым міндеттерді белгіледі
Ішкі істер министрлігінде алқа отырысы өтті. Онда ішкі істер органдарының 2025 жылдағы жедел қызметінің қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
Зеленский Трамппен Украина мен АҚШ арасындағы еркін сауда туралы келісімді талқылады
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен Украина мен Америка Құрама Штаттары арасындағы еркін сауда туралы келісімді талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
БАӘ өз азаматтарының Ұлыбританияда оқуын қаржыландыруды тоқтатты
Біріккен Араб Әмірліктері билігі өз азаматтарының Ұлыбритания аумағында оқуын мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландыруды тоқтатты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 10 Қаңтар, 2026
Алматыда алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институты құрылды
Алматы қаласында М.Тынышпаев атындағы ALT университетінің базасында Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының басқаруымен еліміздегі алғашқы Көлік ғылымдары мен технологиялары институтын (Institute of Transport Science and Technologies – ITST) құру туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 10 Қаңтар, 2026
Елімізде қаңтардағы ҰБТ басталды
Бүгін қаңтар айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Әлем • 10 Қаңтар, 2026
Ресей әуежайларында қарлы боран салдарынан рейстер жаппай кешігіп жатыр
Ресейдің бірқатар ірі әуежайларында қалың қардың салдарынан әуе қатынасы қиындап, рейстер жаппай кешіктіріліп және тоқтатылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда Ұлттық ұлан күні атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 10 Қаңтар, 2026
Алматыда Брайль қарпі бар, IT-аймақты кітапхана ашылды
Алматыда қала әкімдігі мен Мәдениет басқармасының қолдауымен жаңа кітапхана оқырмандарына есік ашты, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 10 Қаңтар, 2026
Спорттық коучингке арналған бағдарлама
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологиясына негізделген жеке жаттығуға арналған интеллектуалды спорттық коучинг бағдарламасы әзірленіп жатыр. Жоба «Iron-BARS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылмақ.
Жасанды интеллект • 10 Қаңтар, 2026
Жасанды интеллект құрылысқа жат емес
Мемлекет басшысының тапсырмалары мен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев пен Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспарын бекітті.
Digital • 10 Қаңтар, 2026
Алматыдағы әлеуметтік «Мейірім» оңалту орталығында «NeuHarmony» – B2B модулі жабық платформасы қанатқақты жоба ретінде іске асып жатыр. Бұл аутизм спектрлі бұзылысы бар балаларды нейротәсілдер, сондай-ақ музыкалық терапия және жасанды интеллект көмегімен емдеу мақсатында әзірленген.
Әскер • 10 Қаңтар, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында ел қауіпсіздігінің тірегі саналатын әскери саланың өзекті мәселелеріне арнайы тоқталып, қоғам назарын алаңдатқан түйткілдерге ашық әрі салмақты баға берді. Президент ең алдымен кейінгі жылдары жұртшылықты толғандырған сарбаздардың қаза табуы мен түрлі жарақат алу оқиғаларына айрықша назар аударып, әскери қызметтің беделін көтеру тек ұранмен емес, нақты іспен жүзеге асуға тиіс екенін, сарбаздың әлеуметтік жағдайы, құқықтық қорғалуы мен адами қадір-қасиеті толық сақталғанда ғана әскерге деген сенім нығаятынын жеткізді.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2026
Өткен жылы күзде Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап елді мекенінде екі үй өртеніп кетіп еді. Сонда халық болып көмектесіп, зардап шеккен отбасылардың баспанасын тұрғызуға үлкен жәрдем жасады. Қоғам белсендісі Бағира Салықбаева қайырымдылық жасаған азаматтардың арасынан Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Абзал Зейнетаевты ерекше атады.
Технология • 10 Қаңтар, 2026
Диқандардың қолы ұзарды. Қарағандының егістік алқаптарында енді дрондар ұшады. Шаруа иелері жердің топырақ құнарын «құстай ұшатын» құрылғы арқылы анықтай алады.
Ғалам ғажаптары • 10 Қаңтар, 2026
Илон Маск 2026 жыл жасанды интеллект адам мүмкіндігін сандық тұрғыда емес, сапалық деңгейде басып оза бастайтынын мәлімдеді. Яғни ЖИ тек жылдамырақ есептейтін құрал емес, ойлау, шешім қабылдау, бейімделу жағынан да адамнан алда болады.
Экономика • 10 Қаңтар, 2026
Түйе сүтінен – балмұздақ пен йогурт
Оралдық жас ғалымдар түйе сүтінен балмұздақ пен йогурт жасаудың жолын тапты. Жәңгірхан университетінің ғылыми зертханасында дайындалған осы өнімдер болашақта балалар тағамы өндірісінен өз орнын алуы мүмкін.
Жасанды интеллект • 10 Қаңтар, 2026
Жасанды интеллектіні күнделікті өмірде пайдалану әлемде қалыпты жағдайға айналып келеді. Алайда оны бейберекет қолданғандықтан құқықтық, этикалық даулар да жиілеп кетті. Қауіпсіздік мәселесіне келгенде сұрақ та, қауіп те көп.
Өндіріс • 10 Қаңтар, 2026
Мұндай алып ыдыстар Шығыстан шығып жатқанын жұртшылық біле бермейді. Түрлі мақсатта пайдаланатын бөшке тәрізді жүздеген кубтық құтыларда су да сақтайды, жанар-жағар майға да пайдаланады. Сыртқы пішініне қарап, құрыштан құйылған дейтін шығарсыз. Алайда бұл шыны тәрізді мақтадан жасалған. Кәсіпкер ә дегенде мұндай ыдыстарды Ресей мен Беларусьтен жеткізіп, саудалап жүрген. Кейін дайындалу тәсілін зерттеп, Өскеменде өндіре бастады.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Әлеуметтік қамсыздандыру: мақсат пен меже
Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, 2026 жыл еліміздің әлеуметтік саясатындағы бетбұрысты кезең ретінде белгіленіп отыр. Жаңа жылдан бастап күшіне енген өзгерістер жәрдемақы мөлшерін ғана емес, жалпы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін түбегейлі жаңғыртуды көздейді. Бюджеттік, заңнамалық жаңалықтар қоғамның ең осал топтарына арналған қамқорлықтың жаңа деңгейін көрсетеді.
Саясат • 10 Қаңтар, 2026
Тікелей сұхбаттастықтың пайдасы
Халық арасына шығып, жергілікті жағдайды көзбен көріп, қолмен ұстаған адам ғана елдің бүгінгі ахуалын жете сезініп, шешімін күткен мәселенің мәнісін ұғына алса керек. Дәл осы мақсатты көздеп, өңірлерге сапарға шыққан Сенат депутаттары да кешелі бері бірқатар кездесу өткізіп, елдің өтінішін тыңдап қайтты. Қоғамда қордаланған тұйткілдерді Парламент төрінде көтеруге уәде берді.
Саясат • 10 Қаңтар, 2026
Бірпалаталы жаңа Парламенттің атауы қарастырылды
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.
Медицина • 10 Қаңтар, 2026
Медицина жүйесін цифрландыру жайы талқыланды
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді.
Айбын • 10 Қаңтар, 2026
Бүгін – Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның құрылған күні. Осыдан тура 34 жыл бұрын Президент Жарлығымен Ішкі әскерлер жасақталған еді. 2014 жылдың сәуір айында Ұлттық ұлан болып қайта құрылып, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жолында мүлтіксіз қызмет атқарып келеді. Бұл құрылым ІІМ-не бағынышты болғанымен, ішкі тұрақтылықты қадағалайтын құқық қорғау саласындағы функциялары бар әскери ведомство саналады.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2026
Шетел жұмысшылары қай салада көп?
Жыл соңындағы деректерге сүйенсек, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 14 103 шетел азаматы еңбек етеді екен. Оның ішінде басшылық қызметтен бастап, маусымдық жұмысқа тартылғандар бір қауым.
Аймақтар • 10 Қаңтар, 2026
Абай облысының кадрлық қажеттілігінің өңірлік картасын әзірлеуге арналған маңызды басқосуда Мемлекет басшысының «Жаңа кәсіптер мен дағдылар атласын әзірлеу» жөніндегі тапсырмасына сәйкес еңбек нарығындағы нақты сұраныстар талқыланып, кадр даярлау жүйесін жаңа экономикалық талаптарға сай бейімдеу жайы безбенделді.
Ғалам ғажаптары • 10 Қаңтар, 2026
Қытайдың ұлттық суперкомпьютерлер желісі ғылыми есептеулерге арналған жаңа интеллектуалды агентті таныстырды.