Көрме • Бүгін, 08:20

Сұлулыққа суарылған рух

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда Багаев атындағы музей-үйде фотосуретші Айгүл Төлегенованың ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттауға бағытталған фотосуреттерінің көрмесі өтті.

Сұлулыққа суарылған рух

Бұл көрме – жай ғана суреттер жиынтығы емес, қазақ көшпелі өркениетіндегі әйел бейнесін зерттеуге арналған көркемдік жоба. Автордың объективіне ілінген дүниелерден ұлттық киімнің, шексіз даланың, ата-бабалар рухының біртұтас эстетикалық кодқа айналға­нын байқауға болады. Әрбір портретті көрнекі жырға айналдырып, қазақ ұлттық киімдерінің терең сұлулығын әйгілейді.

2

«Әр суретті адамдардың бо­­йында қазақ мәдениетіне қатысты жарқын естелік қалса деген тілек­пен түсіремін. «Киіз үй» деген жоба бастап, кейінгі төрт жылда ұлттық салт-дәс­түрімізді әйгілейтін қан­шама жанды фотосурет дүниеге әкелдім. Тұтынушылар арасында өзге ұлттың адамдары бар­шы­лық. Олар бұл арқылы ұлт­тық киіміміздің эстетикалық ерек­шелігін тереңірек түсініп, елімізге деген сүйіспеншілігін білдіріп жатады. Әшекейлерді көбірек қолданамын. Сонау АҚШ-тан, Еуропа елдерінен келіп, арнайы түсіп кеткендер қаншама», дейді Айгүл Төлегенова.

3

Автор этностильді жаңаша пайымдап, қазақтың ұлттық киімін музей экспонаты ретінде ғана емес, бүгінгі күннің сәніне сай жанды, өзекті мәдениет ретінде көрсетеді. Бұл – қазіргі жастарды өз тамырынан ажырамауға, ұлттық жәдігерлерді мақтан тұтуға шақыратын ерекше үндеу. Халқымыздың қоңыр тіршілігіне жақын түстердің қанықтылығы мен бейнелердің шынайылығы қазақы болмысқа жетелейді.

Айта кетейік, Айгүлдің фо­тосуреттері елімізбен қатар, Ресей­де, Франциядағы көрме­лерде ұсынылған.

 

Павлодар облысы 

Соңғы жаңалықтар

Мұнай бағасы күрт төмендеді

Экономика • Бүгін, 10:33