Соңғы жаңалықтар
Футбол • 12 Қаңтар, 2026
«Астана» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты бастады
«Астана» ФК биылғы маусымдағы өздерінің алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Бұл күндері олар елордада даярланып жатыр. Жиын 28 қаңтарға дейін созылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 12 Қаңтар, 2026
eGov Mobile қызметін 54 млн адам пайдаланған
Елімізді мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі цифрлық форматқа көшіп келеді. eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ел азаматтары 54 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алған. Бұл халықтың цифрлық сервистерге сенімі мен сұранысының артқанын көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
Қарағанды облысында 50 жолаушы мінген автобус жолдан шығып кетті
Қарағанды облысында 50 жолаушы отырған астобус тасжолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Бұл оқиғаға өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Қаңтар, 2026
Иранның құты қашты: АҚШ дем беріп, Пехлеви ереуілге шақырды
Иранда бірнеше күннен бері елдің түкпір-түкпірін қамтыған жаппай наразылықтар жалғасып жатқан тұста АҚШ президенті протестке шыққан азаматтарға ашық қолдау білдірді. Ол TruthSocial әлеуметтік желісінде ирандықтарға көмектесуге дайын екенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2026
СҚО-да үй өртенді: әкесі мен баласы көз жұмды, тағы бір бала іздестіріліп жатыр
Солтүстік Қазақстан облысы Майбалық ауылындағы жеке үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тағы бір адамды іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 12 Қаңтар, 2026
Дүйсенбідегі сауда-саттық қарсаңында Brent бағасы қалай өзгерді?
Әлемдік мұнай нарығы демалыс күндері қалыпты өсімді сақтады. Десе де соңғы геосаяси жағдайлардың сауда-саттыққа әсері байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Елімізде тұрғын үйді жалға алу бағасы өсті. Баспана қай аймақта қымбатқа түседі?
2025 жылғы желтоқсан айында республика бойынша жаңа тұрғын үйдің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 571,2 мың теңгеге жеткен (қарашада – 568,8 мың теңге). Бұл 2024 жылдың осы айымен салыстырғанда 15,7%-ға жоғары. Баспана бағасы өсуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 12 Қаңтар, 2026
Instagram-дағы 17,5 млн аккаунттың дерегі қолды болды
Instagram желісінде 17,5 миллион қолданушының жеке деректері жария болып кеткен. Бұл деректі киберқауіпсіздікпен айналысатын Malwarebytes компаниясы растады. Компанияның мәліметінше, деректер қазірдің өзінде хакерлік форумдарда таралып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 12 Қаңтар, 2026
Астанаға қалың қар түсті: тазалау жұмыстарына 3 мың адам жұмылдырылды
Өткен түні Астанаға қалың қар түсіп, коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Елорда әкімдігінің хабарлауынша, түнде қала аумағынан 18 мың текше метр қар қоқыс алаңдарына шығарылған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
«Барселона» Испания суперкубогінің иегері атанды
Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен кездесуде Каталонияның клубы 3:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Еліміздің танымал видеографы Уилл Смитке шапан жапты
Қазақстанның тұмса табиғаты мен көрікті орындарын видеоға түсіріп, отандық туризмді насихаттап жүрген видеограф Дастан Мұхамедрахым Дубайдағы іс-шаралардың бірінде әйгілі америкалық актер әрі режиссёр Уилл Смитке тарту жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2026
Көтерме сатушылар ет пен көкөніс бағасын қымбаттатып жіберді
2025 жылы азық-түлік тауарларының көтерме бағасы 2024 жылмен салыстырғанда 3,4%-ға өскен. Бұл ретте отандық өндірістегі өнімдер 2,7%-ға, ТМД елдерінен жеткізілген тауарлар 6%-ға, ал басқа елдердің өнімдері 2,1%-ға қымбаттағанын Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Иран үш күндік ұлттық аза тұту жариялады
Иранның мемлекеттік телеарнасы жаппай наразылық кезінде қаза тапқан қауіпсіздік күштерінің қызметкерлерін еске алу мақсатында үкіметтің үш күндік ұлттық аза тұту жариялағанын хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz Khaleej Times басылымына сілтеме жасап.
Теннис • 12 Қаңтар, 2026
Александр Бублик әлемдегі ең үздік 10 теннисшінің қатарына енді
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик мансабындағы елеулі жетістікке қол жеткізді. Ол Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте үздік 10 теннисшінің қатарына енді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 12 Қаңтар, 2026
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы ретінде көрсететін суретті жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 12 Қаңтар, 2026
Қар, жаңбыр және көктайғақ: Бүгінгі ауа райы болжамы белгілі болды
Бүгін еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 11 Қаңтар, 2026
Израильдің алғысы – Қазақстанның халықаралық беделі мен сыртқы саясатының мойындалғанының дәлелі
Израиль тарапының Қазақстанға алғыс айтуы – республиканың халықаралық беделінің және дербес сыртқы саяси бағытының мойындалғанының айқын дәлелі. Бұл пікірді қырғызстандық саясаттанушы Бақыт Бакетаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбат • 11 Қаңтар, 2026
Қазақстан – диалог пен теңгерімді дипломатияны таңдаған «орта держава»
Саясаттанушы Таир Нигманов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың телефон арқылы сөйлесуінің саяси мәнін, Қазақстанның Таяу Шығыс қақтығысына қатысты ұстанымын, сондай-ақ еліміздің халықаралық аренадағы «орта держава» ретіндегі рөлін талдап береді.
Қылмыс • 11 Қаңтар, 2026
Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушының өліміне кінәлілер бостандыққа шықты
Қопа ауылында 11 және 10-сыныпта оқитын оқушылар 9-сынып оқушыларын «үлкендерге құрмет көрсетпеді» деген себеппен соққыға жыққан. Салдарынан 14 жастағы Нұржан көз жұмды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Қызылорда облысының ең шалғай ауылдарының бірінде заманауи мектеп ашылды
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Қызылорда облысына сапары кезінде Арал ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Мергенсай ауылында жаңа мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының үлгісімен салынды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 11 Қаңтар, 2026
Он тілде еркін сөйлейтін жас полиглот Қазақстанда тұрады
11-сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді. Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген, деп жазады Egemen.kz.
Бокс • 11 Қаңтар, 2026
Биыл бокстан әлемде қандай жарыстар өтеді
Қазақстан боксшыларының қатысуымен өтетін 2026 жылғы жарыстар кестесі белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 11 Қаңтар, 2026
Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды
Ұлттық кітапханада 2025 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Мадуроның жақтастары наразылыққа шығып, президентті қайтаруды талап етті
Венесуэлада АҚШ әскери күштері ұстап, кейін сол елге әкеткен президент Николас Мадуроны босатуды талап еткен акциялар өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2026
Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды
Қостанай облысының Лисаковск қаласынан 11 шақырым жерде құтқарушылар республикалық маңызы бар «Қостанай − Қарабұтақ» автожолында қиын жағдайға тап болған рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Шерзат ісі бойынша танымал болған прокурор Дана Сәрсенбайдың шені өсті
Жұртшылық назарын аударған 16 жастағы Шерзат Болаттың ісі бойынша танымал болған прокурор Дана Сәрсенбай бірінші дәрежелі заңгер (әділет капитаны) атағына ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Финляндия Оттава конвенциясынан ресми түрде шықты
Финляндия жаяу әскерге қарсы миналарды қолдануға тыйым салатын Оттава конвенциясы құрамынан ресми түрде шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 11 Қаңтар, 2026
Қазақстанда амнистия аясында 2 мыңнан астам адам бостандыққа шықты
Елімізде Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен 2 мыңнан астам адам босатылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2026
Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды
Қазақстан альпинисі Анар Бурашева әлемнің барлық құрлығындағы ең биік жеті шыңды бағындырып, Seven Summits («Жеті шың») бағдарламасын орындаған Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел атанды, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 11 Қаңтар, 2026
Жараланғандар тым көп: Иран дәрігерлері наразылықтарға байланысты дабыл қақты
Ирандағы үкіметке қарсы наразылықтар аясында ел ауруханаларына жарақат алғандар күрт көбейгені хабарланды. Тегерандағы бірнеше медициналық мекеменің дәрігерлері мен фельдшерлері ауруханалардың толып қалғанын айтқан, деп хабарлайды Egemen.kz.