Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 02 Наурыз, 2026
«Қазпошта»: Таяу Шығыстағы 7 елге сәлемдемелер жөнелту тоқтатылды
«Қазпошта» халықаралық пошта жөнелтілімдеріне уақытша шектеулер қойылғанын мәлім қылды. Бұл шектеу – Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты болып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Наурыз, 2026
Иран шетелдік студенттердің елден шығу тәртібін жеңілдетті
Ирандағы шетелдік студенттер енді елден арнайы рұқсат құжаттарын рәсімдемей-ақ кез келген құрлықтық шекара арқылы шыға алады. Қазіргі уақытта елде шамамен 60 мыңға жуық шетелдік студент білім алып жүр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Маңғыстауды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне нүкте қойды
Маңғыстау облысында соңғы жылдары Президент тапсырмасымен ұзақ уақыттан бері қордаланған инфрақұрылым мәселелері шешілді. Олар Кеңес заманынан бері күн тәртібінен түспей келген еді. Бүгінде өңір қарыштап дамып, әр салада ауқымды жобалар жүзеге асуда. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы осы және Ата заңның жаңа нормалары туралы облыс тұрғындарымен сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Наурыз, 2026
Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі 15 жаңа жобаны жүзеге асырады
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Азия даму банкінің (АДБ) президенті Масато Канда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген стратегиялық бағыттар шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мен инфрақұрылымдық және әлеуметтік маңызы бар жобаларды қаржыландыру мәселелерін талқылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Астана маңындағы ауыл тұрғыны туыстарының денесін бөлшектеп тастаған
Астанадан 25 шақырым жердегі Жібек жолы ауылында ақыл-есі кем ер адам төрт туысқанын өлтірген, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 02 Наурыз, 2026
Қазақстанда инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді
2026 жылғы ақпанда Қазақстанда айлық инфляция 1,1% болды. Бағаның өсуі барлық негізгі сегментте тіркелді: азық-түлік тауарлары – 1,3%, ақылы қызметтер – 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%. Жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,7%-ға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 02 Наурыз, 2026
Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді
Еуропада бельгиялық Porschist журналының Қазақстанға арналған арнайы саны жарық көрді. Басылымда Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Байқоңыр таныстырылған. Әрқайсысы өзіндік тарихы мен сәулеттік келбеті, мәдени ерекшелігі арқылы дербес туристік бағыт ретінде сипатталған, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Айбек Дәдебай: Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституциямыздың басты авторы
Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасының мәтініне арнайы уақыт бөліп, барынша белсенді атсалысқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Kaspi.kz Таяу Шығыста қалған отандастарымызға қаржылай көмек көрсетеді
Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси жағдай күрт шиеленісіп, бірқатар елдерде әуе кеңістігі уақытша жабылды, рейстер кейінге шегерілді немесе тоқтатылды. Соның салдарынан халықаралық бағыттарда сапарлаған жолаушылар, оның ішінде қазақстандық азаматтар да шетел әуежайларында кідіріп қалды. Кейбірі демалыс елдерінен қайта алмай отырса, енді бірі транзиттік аймақта ұзақ уақытқа тоқтауға мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Референдум кезінде шалғайда жүрген азаматтар қалай дауыс береді?
Орталық референдум комиссиясы тіркелген тұрғылықты мекенжайынан алыста жүрген азаматтар рефендум кезінде есептен шығару куәлігімен дауыс бере алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 02 Наурыз, 2026
Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
Таяу Шығыстағы жағдай барған сайын шиеленісіп барады. Иран тарапы Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта саясаткердің тағдыры белгісіз. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі Ислам революциясы сақшылар корпусының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Президент • 02 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Азия даму банкі президенті Масато Канданы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Масато Кандаға ілтипат көрсетіп, АДБ жетекшісі лауазымына кіріскеніне бір жыл болғанымен және банктің алдағы 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының санына қатысты жаңартылған деректі жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 02 Наурыз, 2026
Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған балаларды шығарып алды
Астанада Сарыарқа ауданындағы Шәймерден Қосшығұлұлы көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінде лифтіде балалар қамалып қалды. Оқиға туралы хабарлама түскен соң, құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Қазақстан ЭЫДҰ-ның қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына қосылды
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) еліміздегі ЭЫДҰ-ның Қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына (OECD Recommendation on Public Integrity) қосылғанын ресми түрде растады. Бұл туралы тиісті хатты ЭЫДҰ Бас хатшысы Маттиас Корманн Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасының атына жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 02 Наурыз, 2026
Президент Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифамен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылап, еліміз қазіргі қиын-қыстау шақта Бахрейн халқына тілектес екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
«Қазцинк» ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Өскемендегі «Қазцинк» ЖШС алаңында «Әділетті және прогрессивті Қазақстан үшін халық Конституциясы» Ұлттық коалициясының мүшелері мен кәсіпорынның еңбек ұжымы кездесті. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, сондай-ақ кәсіпорын мамандары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Оқу-ағарту министрі: Балалар саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс
Иран жерінде болған жантүршігерлік оқиға – 160 мектеп оқушысының өмірін қиған қасіретті хабар қазақстандық қоғамды да бейжай қалдырмады. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бұл суыт жаңалықты терең күйзеліспен қабылдап, халықаралық қауымдастықты балалар қауіпсіздігіне басымдық беруге шақырды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 02 Наурыз, 2026
Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды
Қызылшаға байланысты қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды күшейтті, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Наурыз, 2026
Елімізде наурыз айындағы ҰБТ басталды
Бүгін наурыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Ол 6 сәуірге дейін жалғасады. Биыл ҰБТ-ға қатысуға шамамен 184 мың талапкер өтініш берген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық. Өтініш білдіргендердің 74,4%-ы тестті қазақ тілінде, 25,5%-ы орыс тілінде, ал 216 адам ағылшын тілінде тапсыруды таңдаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 02 Наурыз, 2026
Туристік маусымның ашылуы: Наурызда екі маңызды іс-шара өтеді
Қазақстанда туристік маусым биылғы наурызда елдің мәдени-туристік оқиғалар күнтізбесіне енген екі маңызды іс-шарамен ашылады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 02 Наурыз, 2026
Ерлікпен қаза тапқан фельдшерге туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды
Түркістан облысының Жетісай ауданына қарасты Үтіртөбе ауылында Астанада шұғыл көмек көрсету кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның рухына тағзым жасалды. Ауыл амбулаториясының ғимаратына оның есімі жазылған ескерткіш тақта орнатылып, ел-жұрт батыр қыздың ерлігін еске алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылады
Алматыда қайтарылған активтерді басқару компаниясы (КУВА) Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығын сатуға шығармақ. Аталған нысанды мемлекетке бұған дейін Қайрат Сатыбалды тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Астанада мектеп директоры мен есепшісі 600 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мектеп директоры С. мен бас есепші А.-ға қатысты үкім шығарды. Олар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде иемденіп, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция жобасы кемел қоғамның моделін ұсынады
2026 жылғы 15 наурызда жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын жаңа Конституция жобасы – мемлекеттік құрылысты жай ғана құқықтық жаңарту емес. Мұнда бұдан да терең міндет тұр: қазіргі қоғамда мемлекет қалай жұмыс істеуі керек және бұл жүйеде адам мен азаматтың орны қандай болуы тиіс деген мәселені айқындау. Негізгі идея қарапайым – мемлекет азамат үшін қызмет етеді, яғни адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін.
Банк • 02 Наурыз, 2026
«Отбасы банк» ипотеканы зейнетақы қаражатымен өтеуге өтінім қабылдауды қайта бастады
2026 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстан азаматтары зейнетақы жинақтарының артық қаражатын тұрғын үй несиесін жабуға бағыттай алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 02 Наурыз, 2026
Алматыда жаппай жарық өшуі мүмкін
Алматыда 2-6 наурыз аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы кесте жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Өскемендегі университетте жаңа Конституция және референдумды қолдау мәселесі талқыланды
Өскеменде Жаңа Конституция жобасына арналған қоғамдық кездесу өтті. Зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен жастар алдағы республикалық референдумға шығарылған құжатты талқылап, өз ұстанымдарын білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Елорда әуежайында дабыл жүйесі іске қосылуы мүмкін
Бүгін, 2 наурыз күні Астана халықаралық әуежайында қауіпсіздік жүйелеріне жоспарлы техникалық тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 02 Наурыз, 2026
Иран неге америкалық және израильдік ұшақтарды атып түсіре алмайды?
Таяу Шығыс аймағы қарқынды түрде ауқымды эскалация иіріміне тартылып жатыр. АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққыларынан кейін Тегеран Израиль мен аймақтағы америкалық нысандарға шабуылмен жауап берді. Иранның жоғарғы көсемі аятолла Али Хаменеи қаза тауып, елде 40 күндік аза тұту жарияланды. Fars агенттігі оның отбасы мүшелерінің де қаза болғанын және резиденциясының қирағанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.