Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі бидай қоры 10,8 миллион тонна болса, оның 9,2 миллион тоннасы – азық-түлік бидайы. Сонымен қатар арпа – 1,4 миллион тонна, күріш – 177 мың тонна, жүгері – 104 мың тонна, сұлы – 157 мың тонна, қарақұмық – 53 мың тонна, тары – 19 мың тоннаға жуық, ал қара бидай көлемі шамамен 11 мың тоннаны құрайды.
Өңірлер бөлінісінде астықтың ең ірі қоры Ақмола облысында – 4 миллион тонна. Одан кейін Қостанай облысы – 3,4 миллион тонна және Солтүстік Қазақстан облысы – 3,3 миллион тонна көрсеткішпен орналасқан.
Қазақстан Тәжікстанға бидай экспортын 1,3 миллион тоннаға дейін арттырмақ
Жыл басындағы сыртқы сауда деректеріне сәйкес, бидай экспорты 957 мың тонна болса, импорт 82 мың тоннаны құраған. Арпа экспорты – 134 мың тонна, импорт – 7,5 мың тонна. Күріш экспорты 11 мың тонна, жүгері – 16 мың тонна, сұлы – 250 тонна көлемінде тіркелген.
Сарапшылардың бағалауынша, қор құрылымында негізгі үлесті бидай алады және оның басым бөлігі экспортқа бағытталған азық-түлік өнімі саналады.
Нұрболат АМАНБЕК