Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Тобыл қаласының «Астана» шағын ауданында жаңадан салынған үш көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріліп, 43 отбасы қоныстойын тойлады.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Алматы облысында табиғи өрттің алдын алу, оларды жою бағытында заманауи цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен енгізіліп келеді. Соның бірі – интеллектуалды бейнемониторинг жүйесі. Жүйе жоғары тиімділігін көрсетіп, орман өрттерінің қаупін 14 есе қысқартуға мүмкіндік туғызып отыр.
Аймақтар • 03 Наурыз, 2026
Қыс мезгілінде су айдындарын мұз басады. Осы кезде судағы тіршілік иелері тұншықпас үшін балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мен табиғат жанашырлары аэрация жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Спорт • 03 Наурыз, 2026
Болгарияның бас шаһары – Софияда ұйымдастырылған Странджа кубогінде еліміздің боксшылары 9 жүлде – 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында 50 кг салмақта сынға түскен Даниял Сәбит жартылай финалда Асилбек Джалиловтан (Өзбекстан), шешуші сында Билалхабаши Назаровтан (Әзербайжан) басым түсті. Финалда Лавант Броунли (АҚШ) есе жіберген Фарух Тоқтасынов (70 кг) күміс медаль иеленді.
Оқиға • 03 Наурыз, 2026
Flydubai әуе компаниясы Қазақстанға рейстерді қайта жандандырды
3 наурызда Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрме • 03 Наурыз, 2026
Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде суретші-монументалист, график, кескіндемеші әрі сәндік-қолданбалы өнерде өз өрнегін қалыптастырған шебер Қами Айтқалиевтің «Сан ғасырлық сарын» атты көрмесі есік ашты.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Елордада Taldau Run дәстүрлі спорттық іс-шарасы өтті. Жүгіруге 400-ден аса саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген белсенді азаматтар қатысты. Олардың қатарында Парламент депутаттары мен мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, талдау құрылымдарының өкілдері бар.
Өнер • 03 Наурыз, 2026
Иса Байзақов атындағы облыстық филармония биыл қос бірдей айтулы датаны атап өтеді. Өнер ордасының құрылғанына 85 жыл толса, ақын, композитор Иса Байзақов есімінің берілгеніне 55 жыл толып отыр.
Басылым • 03 Наурыз, 2026
Басқа басылымдардан: Қаза тапқандар саны артып барады
Қызыл Жарты ай қоғамының Ирандағы өкілдігі АҚШ пен Израильдің сенбі күннен бергі 130-дан аса қалаға жасаған шабуылдары салдарынан 555 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Жәдігер • 03 Наурыз, 2026
Алматы облысының Жамбыл ауданындағы ақынның музей-үйінде өзі тұтынған жеке заттары сақталған. Жәдігерлер арасында жыр алыбының жеке автокөлігі де бар.
Ата заң • 03 Наурыз, 2026
Өңір жұртшылығы әділеттілік пен тұрақтылықты қолдайды
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы Маңғыстау облысы мен Атырау облысы тұрғындарымен кездесіп, Ата заңның жаңа нормалары жөнінде мол мағлұмат берді.
Өнер • 03 Наурыз, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «Astana sazy» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі «Аспаптар шеруі» атты жеке концертін өткізді.
Саясат • 03 Наурыз, 2026
Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл
Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болды. Бұл жылдар жер бетін түгел жайлаған пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляциялық және логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық ахуалдың аса күрделі кезеңімен, сондай-ақ жылдар бойы жалғасқан ішкі экономикалық әрі саяси теңсіздіктерді еңсеру қажеттілігімен тұспа-тұс келді.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Берлин ИРИШЕВ: Біздің даламызда «кутюралық модельдер» 2500 жыл бұрын пайда болған
Дипломат Берлин Иришев сымбаты мен талғамы француз сән әлемін таңқалдырған Алла Елшін туралы кітабы қазақ тілінде басылып шықты. Әзірге сүйінші данамен шыққан кітап, бірер ауда оқырманның қолына жетеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Наурыз, 2026
Петропавл қаласында 2013-2025 жылдары жұртқа өсіммен қарыз беру арқылы 1,8 млрд теңге ақша тапқан өсімқордың қылмысты ісі аяқталып, сотқа жолданды деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Наурыз, 2026
Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға сотталды
Өскемен қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 100% акциясы мемлекетке тиесілі «Өскемен әуежайы» АҚ президенті мен атқарушы директорына қатысты қозғалған қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Наурыз, 2026
Air Astana Медина мен Жиддаға репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр
Air Astana Таяу Шығысқа арналған рейстер жөніндегі жаңа ақпараттар жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Наурыз, 2026
Катардың Қорғаныс министрлігі Иранның екі ұшағын жойды
Катар Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгін Иранның екі Су-24 жойғыш ұшағы әуеде жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жөнінде кездесу өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру жөніндегі жалпыұлттық коалиция мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Наурыз, 2026
Еліміздегі су тасқыны қаупі жоғары өңірлер белгілі болды
Үкіметте премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Қазгидромет» РМК ұсынған жаңартылған болжамдық деректерді ескере отырып су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 02 Наурыз, 2026
Ғылыми диссертация тақырыптарын бірыңғай база арқылы қадағалау мүмкін бе?
Көрнекті тілтанушы ғалым, академик Шора Сарыбаевтың туғанына 101 жыл толуына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанында тұрақты жұмыс істейтін Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Наурыз, 2026
Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
3 наурызда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Әлем • 02 Наурыз, 2026
Дубайдағы екі әуежайдың жұмысы қайта жанданады
Дубайдың екі әуежайы дүйсенбі күні кешке шектеулі түрде жұмысын қайта бастайды. Бұл туралы жергілікті биліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Наурыз, 2026
Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы мен Алматы облысы әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ата толғауы» атты салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы меншік құқығын қорғауға бағытталған
Өскемен қаласы Орталық мәдениет үйінде «Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері Шығыс Қазақстан облысының шағын және орта бизнес пен агроөнеркәсіп кешені өкілдерімен кездесті. Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Жиынға Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов пен Сергей Пономарев, Өскемен қаласы бойынша коалиция төрағасының орынбасары Сергей Коротин, Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 02 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
Қазақстан Иран халқына бейбіт тұрғындар мен ел басшылығы өкілдерінің қаза табуына байланысты қайғыра көңіл айтты. Сонымен қатар халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын сақтау және қақтығыстарды тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Наурыз, 2026
Шығыс Қазақстанның туристік қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Өскемен қаласында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің өңірге сапары аясында облыстың туристік сала өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 02 Наурыз, 2026
Астанада «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды
2026 жылғы 2 наурызда Астанадағы Nurorda лицейінде «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Биыл олимпиада екінші рет Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 02 Наурыз, 2026
Суррогат ана болу – мамандық па, мәжбүрлік пе?
Елімізде суррогат ана қызметі заңмен реттелген. Осыдан 10-15 жыл бұрын қазақ қоғамы бұл қызмет түріне тосырқай қарайтын болса, қазір сәби сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар үшін бірден бір мүмкіндікке айналып келеді. Дегенмен қоғамда «құрсағын жалға беретін» қыз-келіншектерді сынайтындар әлі де бар. Суррогат ана қызметі қалай жүзеге асады? Қыздар үшін бұл мамандық па мәжбүрлік пе? Egemen.kz тілшісі осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіп көрді.