Қоғам • Бүгін, 14:58

Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласында жүктіліктің 34-аптасында жүрген әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасап, ол медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңғыбас иттер жүкті әйелге шабуыл жасады: Ана мен баланың жағдайы қатаң бақылауда

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Дәрігерлер науқасқа оң жақ балтырындағы тістелген жараларға байланысты шұғыл көмек көрсетіп, алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізді. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда әйел мен құрсақтағы баланың жағдайы күшейтілген медициналық бақылауда.

«Дәрігерлік тексеру барысында оң жақ балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің артқы бетінде ұзындығы 5 сантиметрге дейін жететін тістелген жаралар анықталған. Профилактикалық мақсатта құтыруға қарсы вакцина, сіреспеге қарсы сарысу және АДС-М екпесі салынды», делінген хабарламада.

Медициналық мекеме мәліметінше, әйел мен құрсақтағы баланың жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауына алынған.

Жануарларды қорғау және қоғам қауіпсіздігі: Қаңғыбас иттердің шабуылына қалай тосқауыл қоямыз?

Еске сала кетейік, бұған дейін де еліміздің бірқатар өңірінде осындай оқиғалар тіркелген. Салдарынан бір жылдың ішінде 41 366 адамды ит қауып, 23 134 адам бұралқы иттердің шабуылынан зардап шеккен.

Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды

Қазіргі таңда Мәжілісте қаңғыбас жануарларға қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Заң жобасын таныстырған депутат Еділ Жаңбыршин Қазақстанда бұралқы иттерді кемінде 5 күн ұстауды ұсынды.

Қазақстанда әр сағат сайын бес адамды ит қабады

Нұрболат АМАНБЕК

 

Соңғы жаңалықтар