Қазақстан • Бүгін, 12:41

Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Парламент Сенаты Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Ұлыбританиямен бірлесіп сирек жер металдарын игереді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтың айтуынша, келісім екіжақты қатынастарды саяси диалог деңгейінен практикалық ынтымақтастық деңгейіне көшіруге негіз болады. Бұған дейін Лондонда өткен келіссөздер нәтижесінде тараптар сирек жер металдары бойынша жол картасы мен университеттер арасындағы әріптестік туралы келісімдерге қол қойылған.

Қазақстанда сирек металдарды барлаудың жаңа стандарты енгізіледі

Ресми деректерге сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2023 жылы 1,2 миллиард АҚШ долларын құраса, 2024 жылы 886 миллион долларға дейін төмендеп, 2025 жылы 1,6 миллиард долларға дейін қайта өскен.

Сирек металдар өндірісі жүйелі дамытылады

Аталған құжатта екі ел арасындағы экономикалық, энергетикалық, технологиялық, білім беру және өзге де салалардағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары айқындалған.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар