Фото: ашық дереккөз
Келісім аясында Қазақстанның Мал шаруашылығы одағы ішкі нарықты ет өнімдерімен басым түрде қамтамасыз етуге және тапшылықтың туындауына жол бермеуге міндеттелді. Сондай-ақ сиыр етінің экспорттық көлемінің кемінде 15 пайызын сауда желілері арқылы ішкі нарыққа жеткізуді ұйымдастыру көзделген.
Базардағы жаңа тәртіп: Баға айқындалып, бақылау тетіктері күшейеді
Бұдан бөлек, өндірушілердің ішкі нарыққа сиыр етін орташа республикалық бағадан аспайтын, яғни 1 келісі үшін 3275 теңге деңгейіндегі баға бойынша жеткізуі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ет өнімдерін ішкі нарыққа бағыттау бойынша аккредиттелген экспорттаушылардың қызметін үйлестіру міндеті жүктелді.
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Ауыл шаруашылығы министрлігі меморандум шеңберінде ішкі нарық толық қамтамасыз етілген жағдайда белгіленген тәртіппен экспорттық квоталарды арттыру мүмкіндігін қарастырады.
Нұрболат АМАНБЕК