Фото: minval.az
Агенттік мәліметінше, келісімге қарамастан қалаға бірнеше снаряд түскен. Бұл жарияланған бітімнің бұзылғанын білдіреді.
100-ге жуық зымыран ұшырылды: «Хезболла» Израильге ең ауқымды соққы жасады
Айта кетейік, 16 сәуірде Израиль мен «Хезболла» қозғалысы он күндік атысты тоқтату режиміне келіскен болатын. Келісім 17 сәуірде түн ортасынан бастап күшіне енді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл шешім АҚШ-пен қарым-қатынасты ескере отырып қабылданғанын мәлімдеді. Алайда Израиль үкіметі бұл мәселе бойынша ресми дауыс бермеген.
Нұрболат АМАНБЕК