Фото: ашық дереккөз
Атап айтқанда, FlyArystan әуе компаниясы 6 маусымнан бастап Ақтау – Батуми бағыты бойынша тікелей рейстерді ашады. Рейстер 19 тамызға дейін аптасына екі рет, сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесіне сәйкес, жергілікті уақыт бойынша Ақтаудан ұшақ 09:05-те, ал кері бағыттағы рейс 10:55-те ұшады. Билеттер құны Ақтаудан Батумиге 41 340 теңгеден, кері бағытта 44 343 теңгеден басталады.
Германия Украинаға әуе қорғанысын күшейтуге миллиардтар бөлді
Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы 2 маусымнан бастап Астана – Ұлан-Батор бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосады. Рейстер Қазақстаннан сейсенбі және жұма күндері, ал кері бағытта сәрсенбі және сенбі күндері орындалады. Билет бағасы Астанадан Ұлан-Баторға 96 562 теңгеден, кері бағытта 104 297 теңгеден басталады.
Жаңа бағыттар елдің халықаралық әуе қатынасын кеңейтіп, туризм мен іскерлік байланыстардың дамуына ықпал етеді.
Нұрболат АМАНБЕК