Соңғы жаңалықтар
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қазақстан алтын сатып алудан әлемде 2-орынға шықты
BestBrokers порталының дерегінше, Қазақстан биыл алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға көтерілді. Зерттеу авторлары жыл басынан бері ұлттық банктердің сатып алған алтын мөлшерін салыстырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 22 Қараша, 2025
Қостанайда көпқабатты үйде болған өрттен бес адам құтқарылды
Қостанайда бес қабатты тұрғын үйде шыққан өрттен бес адам, оның ішінде бір бала құтқарылды. Өрт аз уақыт ішінде толық сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 22 Қараша, 2025
Astana IT University – әлемдік MIT желісіне енген алғашқы отандық университет
Массачусетс технологиялық институты (MIT) құрған GLEEN жаһандық желісі – инновация, технология және стартап мәдениетін дамытатын ең ірі халықаралық қауымдастықтардың бірі. Бұл желіге Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Латын Америкасындағы алдыңғы қатарлы университеттер мүше. GLEEN-нің басты құндылығы – студенттер мен оқытушыларға MIT-тің кәсіпкерлік мектебінде қолданылатын әдістемелерді, оқыту құралдарын және стартап құрудың әлемдік стандарттарын тікелей пайдалану мүмкіндігі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ТЖМ авиациялық паркі кез келген аумаққа қона алатын ұшақпен толықты
Шымкент халықаралық әуежайында жаңа L-410 көп мақсатты әуе кемесін қабылдау рәсімі өтті. Бұл ұшақ Өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылай қолдауымен сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 22 Қараша, 2025
Қысқа роликтер ұйқыны бұзады, мазасыздықты арттырады
TikTok, Instagram Reels, YouTube Shorts және басқа да платформалар біздің контентті тұтыну тәсілімізді әлдеқашан өзгерткен. Олар көңіл көтереді, үйретеді, жарнама мен саясатқа ықпал етеді. Бірақ жаңа зерттеулер көрсеткендей, шексіз айналдыру (scroll) миға айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 22 Қараша, 2025
Маңғыстау облысында даму, инвестиция салаларында қарқынды ілгерілеу бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл сәуір айында Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында қарыздарды субсидиялау бағдарламалары шеңберінде өнеркәсіп, туризм және агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыру көлемін ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес облыс әкімдігі жеңілдетілген несиелеу тетіктерін енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 22 Қараша, 2025
Қазақстандағы фельдшердің өлімі мен Алғабастағы өрт ДДҰ назарына ілікті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Алғабас ауылындағы сұмдық өрт пен Астанада фельдшердің қаза болуына қатысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 22 Қараша, 2025
Атыраудан Миланға алғашқы тікелей рейс ұшты
Италиялық NEOS Airlines компаниясы Атырауды Еуропаның сән мен бизнес астанасы Миланмен тікелей байланыстыратын тікелей рейсті ашты, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 22 Қараша, 2025
Астанада бірнеше тұрғын үй жарықсыз қалды
22 қарашада «Тұран» қосалқы станциясында технологиялық ақау болғаны туралы «Астана – Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ хабарлады.
Аймақтар • 22 Қараша, 2025
Ақтау Жаңа жылға дайындалып жатыр: мерекелік безендіруге 80 млн теңге бөлінді
Ақтауды Жаңа жылға дайындық жұмыстары басталды. Қаланы мерекелік кейіпке келтіруге 80 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 22 Қараша, 2025
Іле-Балқаш табиғи резерватында ұсталған көліктен қару мен 13 қоян табылды
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметінше, инспекторлар 18 қараша сағат 22:45-те Mitsubishi Pajero автокөлігін тоқтатқан. Нәтижесінде резерват аумағында заңсыз аң аулаған Алматы қаласы мен Алматы облысының екі тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 22 Қараша, 2025
«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады
Қазақстан экономиканың нақты секторын дамытуға бағытталған «Инвестицияға тапсырыс» ауқымды мемлекеттік бағдарламаны іске қосты, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 22 Қараша, 2025
Silk Way Star халықаралық музыка конкурсының көрермені үшін дауыс беру ережесі жарияланды
Silk Way Star конкурсының жеңімпазы аралас жүйе бойынша анықталады: 50% – қазылар алқасының шешімі, 50% – көрерменнің онлайн-дауыс беруі. Дауыс беру жүйесі барынша ашықтық пен барлық қатысушыларға әділдікті қамтамасыз ету мақсатында «Евровидение» сияқты халықаралық байқаулар үлгісінде әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 22 Қараша, 2025
Таразда бір-ақ күн «жұмыс» істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті
Таразда хабарландыру арқылы қолайлы «жұмыс» тауып, бір-ақ күн істеген ер адам 7 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Қазақстан Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарында 56 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 22 Қараша, 2025
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 22 Қараша, 2025
Мемлекет қайраткері Оразгүл Асанғазы «Ата-ана - баланың айнасы» форумына қатысты
Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта мектепте Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті V шақырылымының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иесі Оразгүл Асанғазының қатысуымен «Ата-ана - баланың айнасы» тақырыбында ата-аналарға арналған ерекше форум өтті.
Ғалам ғажаптары • 22 Қараша, 2025
Ежелгі тіршілік белгісін тапты
Ғалымдар миллиардтаған жыл бұрын қалыптасқан тастардан тіршілік белгісін тапты.
Ғалам ғажаптары • 22 Қараша, 2025
«SoundCam Go» – дыбысты «көре» алатын алғашқы портативті камера. Бұл шағын құрылғы смартфонмен және арнайы қосымшамен жұмыс істейді.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Фотосуретшінің музей-үйі жөндеуге зәру
Павлодардағы Дмитрий Багаевтың музей-үйі XIX ғасырда тұрғызылған көне үйде орналасқан. Бұл үйде фотосуретші заманында әулие Мәшһүр Жүсіпті суретке түсіріп алған екен.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Орал қаласында қазақша күрестен «Өнер барысы» турнирі өтіп, оған облыстың мәдениет және өнер қызметкерлері қатысты.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Туған ауылынан тапжылмаған Мелістің балалық шағы ауыр жылдармен тұспа-тұс келген еді. Қаршадай қара баланың көрмегені жоқ. Әкесі майданнан оралмады. Ауыр бейнеттен көк иық болған шешеде дамылдық болмайды. Бір үйде үш бала. Ересегі өзі болғандықтан, іні-қарындасына нан тауып берудің қамымен күзгі жиын терінде масақ теретін-ді.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Алматыдағы Республика сарайының сахнасында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 90 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтті. Қазақ музыкасының көпқырлы мұрасын филармония ұжымдарының жоғары кәсіби деңгейі арқылы паш еткен ән мен күй мерекесі ерекше мәдени оқиғаға айналды.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Биыл белгілі қаламгер, филолог-ғалым, ұлт қайраткері Сапабек Әсіптің туғанына 100 жыл толды. Қарт көсемсөзші бар саналы ғұмырында Алаш ардақтылары ұстанған ұлт мүддесін мұрат тұтты. Осы жолда күрескерлік мақсатынан таймады.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!
Биыл елімізде эпидемиялық маусым әдеттегіден ертерек басталды. Былтыр алғашқы жағдайлар қарашада анықталса, биыл қазан айының басында тіркелді. Нақ қазір елде тұмаудың 590 жағдайы зертханалық тұрғыдан расталған. Сондай-ақ А типті тұмаудың 587 жағдайы тіркеліпті. Сосын, көпшілік талқылап, «Гонконг» деп атап жүрген тұмаудың түрі де вирустың жаңа штамы емес.
Руханият • 22 Қараша, 2025
Қаздар қайта салысымен жауған қар еріп кеткен. Таудың теріскейінде ғана ала қанаттанып жатыр. Күздің ұзақтығы төрт түлікпен күнелтіп отырған ауылдағы ағайынға жайлы болып тұр.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстанның футболшылары өзінің 115-орнын сақтап қалды. Жерлестеріміз Мавритания мен Малайзияның ортасында тұр.
Заң мен Тәртіп • 22 Қараша, 2025
Жетісуда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Жылдағыдай емес, тәртіп бұзушылардың саны азайған. Құқық қорғау органдары өңір тұрғындарымен тікелей жүздесу барысында бейресми жалға беріліп жүрген 62 пәтерді анықтады. Оның көбі облыс орталығы Талдықорған қаласында тіркелген.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Ұлы ақын ұрпағы сая тапқан қала
Биыл елімізде дана Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы аталып өтті. Ақынның туған жері Семей өңірімен қоса республиканың әр аймағында ұлы ойшылдың мерейтойы тойланды. Шымкент қаласы да солардың қатарынан қалмай біраз іс-шараны республика деңгейінде ұйымдастырды. Оның ішінде «Абай әлемі» мен «Абай оқулары» байқауларын айтып өтуге болады. Мегаполисте Абай Құнанбайұлы атында үлкен саябақ бар. Сол саялы мекен төрінен 2009 жылы «Хакім Абай» деп аталатын музей ашылған.
Спорт • 22 Қараша, 2025
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында жерлестеріміз табысты өнер көрсетіп жатыр. Джиу-джитсу сайысында Серік Алдияр чемпион атанды. 69 кг салмақта бағын сынаған отандасымыз финалдық тартыста саудиялық Мохаммед Хурайминаны айқын басымдықпен жеңді. Серіктің жеңісті сапарын Мариан Журавлева жалғады. 70 кг салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан белдесуге шығып, финалда палестиналық Даниа Обейдті оңай ұтты.