Экономика • Бүгін, 17:25

Араб елдерімен сауда байланысы нығая түсті

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Енді отандық кәсіпкерлер Таяу Шығыстағы ірі нарыққа жүйелі түрде шығуға мүмкіндік алып отыр. 2026 жылғы 2 ақпанда Астанада QazTrade орталығы мен Араб елдерінің Сауда палаталары федерациясы меморандумға қол қойды. Құжат екі ел арасындағы сауда байланысын реттеп, іскерлік қарым қатынасты тұрақты жүйеге айналдыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Араб елдерімен сауда байланысы нығая түсті

Келісім аясында кәсіпкерлердің бір-бірін табуы жеңілдейді. Сауда ережелері бойынша ақпарат алмасу жолға қойылады. Көрмелер, форумдар мен кездесулер тұрақты өтеді. Қажет болған жағдайда шетелде өкілдік ашу мүмкіндігі де қарастырылған.

Кездесуге екі тараптың жауапты өкілдері қатысты. Қазақстан жағынан QazTrade өкілдері, ал араб елдері тарапынан іскерлік кеңес басшылығы келді. Сондай ақ «Карат» ЖШС мен стратегиялық брендинг агенттігінің жетекшісі Шахзада Шогельбаева өз ұсыныстарын айтты. Бұл нарықтың басты ерекшелігі  – тұтынушы санының көптігі. Мекке мен Мәдинаға ай сайын шамамен 2 млн адам келеді. Сондықтан өнім сапасы біркелкі, құжаттары толық, жеткізу уақыты нақты болуы тиіс.

Сауданың бір қызығы кэшбэк деген...

Араб тарапы сенімділік пен көлемге ерекше мән берді. Осыған байланысты қазақстандық компаниялар алдын ала дайындалуы қажет. Таңбалау, қаптама, сертификат және басқа құжаттар талапқа сай болуы шарт. Меморандум кездейсоқ байланыстарды азайтады. Енді келіссөздер жүйелі түрде жүргізіледі. Ортақ іс-шаралар жоспары жасалады. Серіктестерді іріктеу тәртібі белгіленеді. Бұл кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді.

«Таза парақтан» реттеу: Кәсіпкерлерден қандай өтініштер келіп жатыр?

Кездесуде логистика мәселесі де қозғалды. Әсіресе азық түлік пен дәрі дәрмек саласында талап жоғары. Сертификаттау мен құжаттарды үйлестіру басты шарт болып қала береді. Қазір жүк көбіне Дубай арқылы өтеді. Бұл жол ұзаққа созылады. Сондықтан тікелей рейстер мен жаңа бағыттар өнім бағасы мен сапасына тікелей әсер етеді.

Нарықта тұрақты жұмыс істеу үшін сауда өкілдігін ашу және көрмелер ұйымдастыру жоспарланған. Бұл сатып алушылармен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. 

Соңғы жаңалықтар