Қазіргі таңда елдің барлық өңірінде студенттердің экологиялық бастамалары белсенді іске асырылып жатыр. Жоғары оқу орындарында өңірлік экоклубтар құрылып, ерікті жастар қозғалыстары табиғатты қорғау бағытындағы түрлі науқандарға қатысуда. Сонымен қатар экологиялық тұрғыдан ең таза аумақтарды анықтауға арналған байқаулар да өткізіліп келеді.
«Таза Қазақстан»: Еріктілер 18 миллионнан астам ағаш отырғызды
Вице-министрдің сөзінше, «Таза Қазақстан» ұғымы енді тек қоғамдық бастама ғана емес, жаңа Конституция жобасындағы негізгі қағидаттардың біріне айналған.
«Бұл жауапкершіліктің салмағы ғылым мен жоғары білім жүйесіне де жүктеледі. Себебі Конституция жобасының арқауы – адами капиталды дамыту. Осыған сәйкес білім, ғылым, инновация және мәдениет салаларының дамуы өзара сабақтасып қарастырылады», деді Гүлзат Көбенова.