Оқиға • 04 Ақпан, 2026

Қарағандыда құтқарушылар терезе алдында отырған баланы аман алып қалды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыда Мұқанов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында көршілердің бірі ашық терезеде отырған баланы байқап, дереу 112 нөміріне хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Қарағандыда құтқарушылар терезе алдында отырған баланы аман алып қалды

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланың өміріне қауіп төнгенін көріп, бірден әрекетке көшті. ТЖМ қызметкерлері екі топқа бөлінді: бір топ терезе жаққа жеделсатыны орнатса, екінші топ подъезд арқылы пәтерге кірді. Осы сәтте анасы келіп, пәтердің есігін кілтпен ашты.

Балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылды

Құтқарушы пәтерге кіріп, 2018 жылы туған қыз баланы терезе алдының жақтауынан алып, оны анасына аман-есен тапсырды. Бала зардап шеккен жоқ.

Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында жазатайым оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды.

Соңғы жаңалықтар