Мәселенің мән-жайын білу мақсатында журналист Арман Әубәкір Мұхтар Шахановтың өзімен хабарласқан. Сұхбат барысында ақын ешқандай әлеуметтік желіні қолданбайтынын және тараған мәлімдеме жалған екенін айтқан.
Қоғам қайраткерінің есімін жамылып, мұндай мазмұндағы ақпаратты жариялаудың артында саяси тапсырыс тұруы мүмкін. Мұндай «фейктердің» негізгі мақсаты – қоғамға жік салу, жұртшылықты бір-біріне қарсы қою және азаматтарды заңсыз әрекеттерге итермелеу.
Еске сала кетейік, еліміздің заңнамасына сәйкес, көрінеу жалған ақпарат таратқан тұлғалар үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Шындықты бұрмалап, халықты адастырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.