Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына орай, Шымкентте «Еңбек өмірдің тұтқасы» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда мыңнан астам жұмыс беруші екі мыңға жуық жұмыс орнын ұсынды.
Спорт • 22 Қараша, 2025
22 қарашада Қатардың бас шаһары Дохада UFC-дің кезекті турнирі өтеді. Сол кеште аса жеңіл салмақ дәрежесінде күш сынасып жүрген Бекзат Алмахан испаниялық Александр Топуриямен айқасады.
Спорт • 22 Қараша, 2025
«Ұлы дала жорығы» – бірлікке бастар бірегей жоба
Қостанай облысында «Amanat» партиясы мен Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өткен халықаралық ат марафоны – «Ұлы дала жорығы» спорттық іс-шара емес, нағыз рухани, мәдени және патриоттық бірегей жоба. Іс-шара ұлы ақын һәм «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Білім • 22 Қараша, 2025
Шетелдегі қазақ ғалымдары: интеллектуалдық өрістің жаңа көзі
Төрткүл дүниенің әр шетіне тарыдай шашылған қазақтардың біразы еліміз тәуелсіздік алған соң тарихи отанға ат басын бұрды. Алайда дамыған мемлекеттерде білім алып, сонда қызмет істейтін қандастардың көбі шетелде еңбек етеді.
Айбын • 22 Қараша, 2025
Әскери медицина – қорғаныс саламаттылығының негізі
Әскер сапындағы әрбір сарбаз үшін мықты да мінсіз денсаулық – Отан алдындағы жауынгерлік міндетін адал да талапқа сай атқарудың алғышарты. Күнделікті жаттығу, қатаң тәртіп, ауа райының құбылмалы жағдайлары, физикалық жүктемелер мен тактикалық тапсырмалар жоғары дене дайындығы мен темірдей төзімді талап етеді. Сондықтан денсаулықты күту, дұрыс тамақтану мен тұрақты медициналық бақылау – әскери өмірдің ажырамас бөлігі.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Жапонияның «Kusanone» (Шөп тамыры) гранттық бағдарламасы өңірлерге көмек беруді жалғастырып жатыр. Осы ретте олар Шығыс Қазақстан облысының аутизм дертіне шалдыққан балаларға қаржы бөлді.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
ТМД жастары байқауының жеңімпаздары анықталды
Астанада «ТМД-ға арналған 100 идея» халықаралық жастар байқауы өтті. Финалдық кезеңде Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның кіл талантты қатысушылары инновациялық жобаларын таныстырды.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
Армян ағартушысы атындағы көше ашылды
Астанада армян халқының ойшылы әрі ағартушысы Месроп Маштоцтың атына көше берілді. Ол елорданың сол жағалауындағы Қабанбай мен Тұран көшелерінің ортасында орналасқан. Ұзындығы – 750 метр.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Еларалық келісімге қол қойылды
Үкімет үйінің ғимаратында Премьер-министр Олжас Бектенов пен елімізде ресми сапармен жүрген Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның кездесуі өтті.
Экономика • 22 Қараша, 2025
Қаржы нарығы: сын-қатер мен мүмкіндік
Қаржыгерлер конгресі макроэкономикалық саясат пен қаржы саласындағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын басты диалог алаңына айналды. Осымен он үшінші рет өтіп жатқан конгрес қатысушылары қаржы секторын ырықтандыру мен оның экономикалық өсімге тигізетін әсері жөнінде пікір алмасты.
Экономика • 22 Қараша, 2025
Жамбыл облысында өндіріс саласын өркендетуге басымдық беріліп отыр. Атқарылған жұмыстың нәтижесі де көңіл көншітеді. Кейінгі 10 айдың бедерінде өңірде 1 трлн теңгенің өнімі өндірілген. Бұл көрсеткішпен Жамбыл облысы өңірлер арасында көш бастап тұр. Жалпы, облыс аумағындағы 919 кәсіпорында 41 мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр. Биыл өңірде бірнеше кәсіпорын ашылған еді. Күні кеше сол үрдіс сәтімен жалғасты.
Экономика • 22 Қараша, 2025
Ерлан Ақкенженов: Энергетика саласын жаңғырту – стратегиялық міндет
Мұнай-газ химиясын дамыту, газ өңдеу қуатын арттыру мен жылу-энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту – Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттердің бірі. Осы маңызды мәселелердің мән-жайын білу мақсатында Энергетика министрі Ерлан АҚКЕНЖЕНОВ мырзамен сұхбаттасып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ірі жобалардың барысын, көмірсутектерді терең өңдеу келешегін, алдағы жылдарға жоспарланған жаңғырту шараларын нақтылап алдық.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Алатау – заманауи урбанистика үрдісіндегі шаһар
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Алатау қаласын дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдардың басшылары, сарапшылар мен урбанистер қатысқан жиында Мемлекет басшысы жүктеген – қаланы халықаралық іскерлік, инновациялық және технологиялық хабқа айналдыру міндетін іске асыру тетіктеріне баса назар аударылды.
Қоғам • 22 Қараша, 2025
«Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығы табысталды
Астанада Мүгедектігі бар адамдардың халықаралық күні қарсаңында «Amanat» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық және кәсіби қызметте айрықша нәтижеге қол жеткізген ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беріледі.
Саясат • 22 Қараша, 2025
Қазақстан – Армения: Сенім мен жауапкершілікке негізделген серіктестік
Армения Премьер-министрі Никол Пашинян елімізге мемлекеттік сапармен келді. Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Ақордада салтанатты рәсіммен қарсы алды. Әдеттегідей тараптар бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Саясат • 21 Қараша, 2025
СІМ: Қазақстан АЭХА-ның Қиыр Шығыс өңірлік тобына қосылды
Сыртқы істер министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Басқарушылар кеңесінің бүгінгі отырысында Қазақстанды Қиыр Шығыс өңірлік тобына қабылдау жөнінде жарияланған шешімді құптады, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 21 Қараша, 2025
Агро еңбеккерлеріне алғыс айтылды
Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні Абай облысында кең көлемде аталып өтті. Семейдегі Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған «Алтын күз» салтанатты іс-шарасы аясында өңірдің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандар марапатталды.
Ауыл • 21 Қараша, 2025
Ауыл әкімдері жаңа бастамалар ұсынды
Облыс басшылығы мен ауылдық округ әкімдері арасындағы диалог мазмұнды әрі нақты сипатқа ие болуда. Бүгінде ауыл әкімдері мәселелерді ғана емес, оларды шешудің тиянақты ұсыныстарын, есептері мен нақты тетіктерін ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 21 Қараша, 2025
Геннадий Головкин World Boxing федерациясының президенті болады
Халықаралық бокс федерациясы World Boxing алдағы Конгрессте өтетін сайлауға жіберілген үміткерлердің соңғы тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 21 Қараша, 2025
«Заң және тәртіп»: елордалық студенттер цифрлық сауаттылық сабағын өтті
«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Astana International University студенттері үшін цифрлық қауіпсіздік бойынша сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Парламент • 21 Қараша, 2025
«Жан Шуақ» сыйлығы мүгедектігі бар адамдардың әлеуетін ашуға көмектеседі
Астанада Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында «AMANAT» партиясының қолдауымен Қазақстан мүгедектер конфедерациясы ұйымдастырған XVIІI «Жан Шуақ» қоғамдық сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл сыйлық жыл сайын қоғамдық және кәсіби қызметте айрықша нәтижеге қол жеткізген ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беріледі, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Қостанайда «Айдын жырдың аққуы» атты ақындар айтысы өтті
Қостанайда халық ақыны Әсия Беркенованың мерейлі 75 жасқа толуына орай, «Айдын жырдың аққуы» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Қараша, 2025
Орталық Азиядағы жасыл құрылыстың болашағы қандай?
Астанада еліміздің Жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) ұйымдастырған Green Build Central Asia 2025 форумы өтіп, аймақтағы жасыл құрылыс индустриясының даму бағытын айқындаған маңызды оқиға болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Қонаев – Талдықорған автожолында жаңа 4G базалық станциясы іске қосылды
Бірер күн бұрын Beeline брендімен жұмыс істейтін «КаР-Тел» ЖШС Huawei Technologies Kazakhstan LLP компаниясымен бірлесіп, Қонаев-Талдықорған автожолы бойында орнатылған жаңа 4G базалық станциясы іске қосылды. Нысанның ерекшелігі – күн панельдерін пайдалану. Бұл оны өңірдегі Huawei компаниясының осы үлгідегі алғашқы энергия үнемдейтін базалық станциясына айналдырады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық • 21 Қараша, 2025
Атырау облысында 20 күнде 32 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырды
Атырау облысында қараша басталғалы жедел респираторлық вирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші өсіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 21 Қараша, 2025
АҚШ доллардың түрін толық өзгертетінін хабарлады. Бұл жұмыс бірден емес, кезең-кезеңімен жүзеге асады. Жаңарту уақыты 2026 жылдан 2034 жылға дейін созылады. Осындай үлкен өзгерістің басты мақсаты – ақша қолдан жасалмауы үшін қорғау деңгейін күшейту және көзі нашар көретін адамдарға қолайлы жағдай жасау. Ескі доллар жарамсыз болмайды. Сондықтан уайымдауға негіз жоқ, деп жазады, Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Қойнауына қазына бүккен аймақ көп: Отандық геологияда жаңа кезең бастала ма?
Елдегі геологиялық карталардың дәлдігі уақыт талабынан қалып қойды. Пайдалы қазбаларға бай өңірлерде жаңа деректерге қажеттілік өсті. Ұлттық геологиялық қызметтің басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев бізге берген сұхбатында карталардың ескіру себептерін, жаңарту жолдарын және цифрлық трансформация қалай іске асатынын кеңінен түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Адамдар жұмыс істемей өмір сүретін уақыт келе ме?
Вашиңтонда өткен инвестициялық форумда Илон Маск ерекше ой айтты. Ол 10-20 жиырма жылдан кейін қоғам мүлде басқаша болады деді. Айтуынша, жасанды интеллект пен адамға ұқсайтын роботтар барлық жұмысты өз мойнына алады. Адамдар тек көңілдері қаласа ғана еңбек етеді, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 21 Қараша, 2025
Астанада армян философы Месроп Маштоц атындағы көше ашылды
Іс-шараға Премьер-министр орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрі Жанна Андреасян, армян диаспорасының өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Қараша, 2025
Абай облысында дрондар өрісте бағусыз жайылған малға байланысты жол-көлік оқиғаларын азайтуға көмектесіп жатыр.