м
Спорт • 16 Қаңтар, 2026
Мергендеріміз Азия додасында 5 медаль жеңіп алды
Стенд атудан Азия чемпионаты Доха (Катар) қаласында өтіп жатыр. Айтулы дода 22 қаңтарға дейін жалғасады. Отандастарымыз 2 алтын, 1 күміс, 2 қола, барлығы 5 медальға ие болды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
Саябақта құстарды тамақтандырғандар жауапкершілікке тартыла ма?
Әлеуметтік желілерде аулаларда және саябақтарда құстарды, тиіндерді, қаңғыбас иттер мен мысықтарды тамақтандырғандар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгені, сондай-ақ көршілердің «полицияға шағымдана алатыны» және содан кейін азаматтарға айыппұл салынатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Орталық коммуникациялар қызметі құрамында жұмыс істейтін AntiFake орталығы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 16 Қаңтар, 2026
Жас қыздың өлімі: Шымкентте полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды
11 қаңтар күні сағат 18:40-та Шымкенттегі Төлеметов көшесі бойындағы №69/39 үйдің маңынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылған. Қалалық полиция департаменті күдіктіні қолға түсіріп, тергеу басталғанын хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 16 Қаңтар, 2026
Елордалық оқушы әлемнің 10 жетекші университетінен шақырту алды
Астана қаласындағы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Аяла Маханбетәлі әлемнің жетекші 10 университетінде оқуға ресми шақырту алды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Астанада бір жылда теміржол аумағында 77 адам зардап шекті
2025 жылы Астана қаласында теміржол бойында 77 адам түрлі жарақат алып, оның жартысына жуығы қайтыс болды. Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін ескермей, жолды қысқарту үшін рельстерді рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі қайғылы жағдайлардың басты себебіне айналып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Қаңтар, 2026
Аустралияда балалар 16-ға толғанша әлеуметтік желіні қолдана алмайды
Аустралияда 16 жасқа толмаған жеткіншектер әлеуметтік желіліні пайдалана алмайды. Себебі заң рұқсат бермейді. Бұл ереже күшіне енгеннен кейін кемінде 4,7 млн бала мен жасөспірімнің аккаунты бұғатталды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 16 Қаңтар, 2026
Елімізде тарифтік жүк айналымы 10%-ға артты
Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Алматыда автобус жүргізушілеріне арналған демалу бөлмелері салынады
Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілеріне арналған демалыс бөлмесі бар 20 тоқтау-бұрылу алаңы салынады. Арнайы орындар автобустардың амалсыз жол жиегінде тоқтап тұру әрекеттерінің алдын алып, жүргізушілердің тынығуына қолайлы жағдай жасайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Астанада 82 жастағы қария шөбересіне зорлық-зомбылық көрсеткені үшін 20 жылға сотталды
Астана соты жеті жасар шөбересіне қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған 82 жастағы қарияға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Қаңтар, 2026
Ел экономикасы қалай өсіп жатыр: Депутат қарапайым сөзбен түсіндіріп берді
Мәжіліс депутаты Болатбек Алиев Қазақстанда «үздіксіз дағдарыс» туралы айтылатын әңгімелер көбіне нақты экономикалық үдерістерді көрсетпейтінін айтып, жағдайды эмоциямен емес, фактілер арқылы бағалауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 16 Қаңтар, 2026
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 16 Қаңтар, 2026
Жетісу гарнизонының әскерилері 102 жастағы майдангерді құттықтады
Талдықорғанда Жетісу гарнизонының әскери қызметшілері, Қарулы күштердің ардагерлері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері 102 жасқа толған екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Ысқақ Әбілпейісұлы Құсайыновты туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 16 Қаңтар, 2026
Nestle өнімдері не себепті кері қайтарылып жатыр?
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Онда елімізде сатылып жатқан «Nestle Food Kazakhstan» ЖШС-нің балаларға арналған тағамдарының жекелеген түрлерінің ерікті түрде кері қайтарылу себебі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Қаңтар, 2026
Мемлекет басшысы банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Лукашенко Қазақстан Президентін Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті
Беларусь Президенті Александр Лукашенко қытай тілін жетік меңгерген Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімін жоғары бағалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 16 Қаңтар, 2026
Қысқы Олимпиада ойындарын қайдан тамашалауға болады?
6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсекесін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа құжат қабылдау басталды: Кімдер үміткер бола алады?
Қазақстанда әдебиет пен өнер саласындағы ең беделді марапаттардың бірі – Абай атындағы мемлекеттік сыйлыққа 2026 жылға арналған конкурс жарияланды. Үміткерлерден өтінімдер мен шығармашылық еңбектер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Жалған түбіртекпен дүкен сатушыларын сан соқтырған алаяқ ұсталды
Алматының Алмалы ауданының полиция қызметкерлері шағын азық-түлік дүкендерінің иелері мен сатушыларын алдау арқылы пайда тапқан күдіктіні ұстады. Оның бұған дейін де алаяқтықпен қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2026
Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып, төрт адам қаза тапты
Маңғыстау облысында Доссор – Ақтау тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам түрлі жарақат алды. Апат кезінде автобус ішінде 50 жолаушы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 16 Қаңтар, 2026
Астанада бос жұмыс орындарын қалай табуға болады?
Елорда әкімдігі 4 ақпан күні бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңке өтетінін хабарлады. Жәрмеңкеде түрлі салаға тиесілі бос жұмыс орындары ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Қаңтар, 2026
Нобель сыйлығының иегері Трампқа өзінің сыйлығын табыс етті
Венесуэла оппозициясының символына айналған Мария Корина Мачадо Ақ үйде Дональд Трамппен кездесіп, әлемдік деңгейдегі мәртебелі марапатын АҚШ президентіне табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 15 Қаңтар, 2026
Алматы зообағында билет бағасы өзгерді
Бүгіннен бастап Алматы хайуанаттар бағына кіру билеттерінің бағасы өзгерді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 15 Қаңтар, 2026
Алматы әлемде үздік 14 туристік бағыттың тізіміне енді
Алматы қаласы – әлем бойынша үздік деп танылған 14 туристік бағыттың тізіміне енді. Аталған рейтингте мегаполис Лондон, Барселона, Палм-Спрингс қалалары мен Сардиния аралдарынан кем түспейтін көрінеді. Бұл жөнінде халықаралық Vogue журналы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 15 Қаңтар, 2026
Аязға байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Бірінші ауысымдағы оқушылар мен студенттер де қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 15 Қаңтар, 2026
Сыныптасын өлтірген оқушыға үкім шықты
Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оқушылар арасында орын алған қайғылы оқиғаға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Қаңтар, 2026
Шығыста жаңа жедел жәрдем көліктері берілді
Шығыс Қазақстан облысының жедел медициналық жәрдем қызметі 36 жаңа заманауи автокөлікпен толықты. Бұл техника жақын арада облыстың қалалары мен аудандарында кезекшілікке шығады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 15 Қаңтар, 2026
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.
«Таза Қазақстан» • 15 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» акциясының ең жас қатысушысы марапатталды
Республикалық деңгейде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық сенбілігінің ең жас белсенді қатысушысы марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Әлем • 15 Қаңтар, 2026
Астронавт ауырып қалған: Ғарыш кемесі кері қайтарылды
Бұл – Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) тарихында алғаш рет болған жағдай. Florida Today хабарлауынша, бүгін, 15 қаңтарда, Қазақстан уақытымен сағат 13:41-де Crew Dragon ғарыш кемесі Crew-11 миссиясының 4 мүшесімен бірге Флорида жағалауына жақын Атлант мұхитына сәтті қонған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 15 Қаңтар, 2026
Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін «Imam AI» мобильді қосымшасын әзірлеп іске қоспақ. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.