Референдум • Кеше

Референдум учаскесіне келген ертегі кейіпкерлері ел назарын аударды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет үйінде өзгеше көрініс ел назарын аударды. Ертегі кейіпкерлерінің киімін киген кәсіби аниматорлар дауыс беруге келіпті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Референдум учаскесіне келген ертегі кейіпкерлері ел назарын аударды

Сайлау учаскесінде дауыс беру белгіленген тәртіп бойынша өткізіліп жатыр. Ертегі кейіпкерлері жеке куәліктерін көрсетіп, бюллетень алғаннан кейін дауыс беру кабинасына өтті. Тілдескенімізде олар өздерінің кәсіби жұмыстары мен азаматтық борыштарын ұштастыра отырып, көпшіліктің көңілін көтеруге ниеттенгендіктерін айтты.

«Біз халыққа әрдайым қуаныш сыйлаймыз, бүгін де сол міндетімізді атқарудамыз. Референдум – өте маңызды оқиға. Дауыс беруге келгендер ел болашағын айқындауға таңдау жасай отырып, бір серпіліп қалсын деп ойладық. Ал, біздің костюмдеріміз аса маңызды іске ешбір бөгет етпейді», дейді Эльза бейнесіндегі аниматор.

Алматыда «Бүркіт» референдумда өз таңдауын жасады

Аниматорлардың бұл қадамын дауыс берушілер дұрыс бағалап, алғыстарын жеткізуде. Олар мұндай сәтті тосқан да жоқ еді.

«Дауыс беруге келіп едім, балаларымыз сүйіп көретін ертегі кейіпкерлерімен жүздесемін деп тіпті де ойлаған жоқпын. Мұның өзі әдемі көрініс болды», дейді қала тұрғыны Арман Ибраев.

Батыс Қазақстанда «Жәңгір хан» дауыс берді

Сайлау комиссиясы мүшелерінің пікірінше, мұндай бастамалар ешбір тәртіп бұзбайды, қайта дауыс берушілердің жүздерін жарқын етеді.

Көкшетау

Соңғы жаңалықтар