Отан алдындағы борышын атқарып жүрген сарбаздар әдетте елден бұрын, ерте таңдау жасайды. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің негізгі бір міндеті – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Осыған байланысты әскери қызметшілер азаматтық борышын ерте орындап, референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Сол арқылы елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды науқанға үлес қосып, белсенділік танытты.
Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер жауынгерлік қызметке кірісіп, қала көшелері мен дауыс беру учаскелері орналасқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге аттанды. Ұлттық ұлан жауынгерлері бүгін күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.
Батыс Қазақстан облысы