Референдум • Кеше

ШЫҰ бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын жоғары бағалады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылар миссиясы еліміздегі  республикалық референдумды бақылау жұмыстарын бастады. Ұйым өкілдері Астана қаласы мен Ақмола облысындағы бірқатар учаскені аралап үлгерген. Бұл туралы ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов республикалық референдум аясында өтіп жатқан «Референдум – 2026» онлайн марафонында атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

ШЫҰ бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы референдумның техникалық дайындығын жоғары бағалады

«Бұл – ШЫҰ миссиясының Қазақстандағы 16-шы бақылауы. Біз кеше жұмысымызды Астана қаласы мен Ақмола облысындағы бірнеше сайлау учаскесін аралаудан бастадық. Учаскелердің техникалық дайындық деңгейі жоғары екенін көрдік. Бүгін таңғы сағат 7-ден бастап бірнеше учаскенің ашылуын бақыладық. Жалпы алғанда, референдумды ұйымдастыру мен техникалық дайындық деңгейін жоғары деп айта аламын», деді Олег Копылов.

ІІМ: Референдум кезінде елдегі жағдай полицияның толық бақылауына алынған

Телемарафон аясында ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесі хатшылығының басшысы – Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий елімізде референдумды ұйымдастыруға қатысты ескертулер тіркелмегенін мәлімдеді.

Маңғыстау облысында 261 референдум учаскесі ашылды

«Орталық референдум комиссиясы учаскелік сайлау комиссиялары қызметкерлерін даярлау үшін барлық қажетті шараны қабылдады. Қызметкерлер заңнаманы жақсы біледі және учаскелерде түрлі тосын жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін түсінеді. Әзірге ұлттық бақылаушылар мен Парламентаралық Ассамблея бақылаушылар тарапынан ешқандай ескертулер тіркелген жоқ», деді Дмитрий Кобицкий.

Үш сағаттың ішінде 2 миллионнан астам адам дауыс берді

Соңғы жаңалықтар