Фото: mangystau.news
Бүгінгі референдумда жас отбасы Асқарбек Чогданбаев пен Наурызгүл Тәжедин Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылы №9 жалпы орта мектебіндегі №203 дауыс беру учаскесінде таңдауын жасады.
Референдумнан қалыс қалмауға шешім қабылдаған жас отбасы болашақ үшін дауыс бергенін айтты.
«Референдум – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды қадам. Жас отбасы ретінде өз таңдауымызды жасадық», деді Асқарбек Чогданбаев.
Айта кетейік, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.