ТМД ПАА халықаралық байқаушылар тобы бүгін таңертең бақылау жұмысын бастап, бірнеше дауыс беру учаскесінде болған.
«Алғаш барғанымыз – №128 учаске. Оның ашылуына қатыстық. Барлығы ашық, әділ және заң талаптарына сай өтіп жатыр. Адамдардың көңіл күйі жақсы», деді спикер ОКҚ алаңында «Референдум – 2026» онлайн-марафоны аясында өтіп жатқан брифинг барысында.
Еске сала кетейік, бүгін республикалық референдум аясында «Референдум – 2026» атты онлайн марафоны өтіп жатыр. Марафон барысында Орталық коммуникациялар алаңында республикалық референдумның өту барысына қатысты ресми органдар өкілдері мен сарапшылар әр екі сағат сайын тікелей эфирд пікір білдіреді.