Референдум • Кеше

102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумда дауыс берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбекшіқазақ ауданының Алға ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының 102 жастағы ардагері Солтанбай Жарықбасов №187 дауыс беру учаскесіне 15 жастағы шөбересі Дамирмен бірге барып, өз таңдауын жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

102 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері референдумда дауыс берді

Ардагер тіпті әзілдеп, қай жерге белгі қоятынын алдын ала білетінін де айтқан. Айта кетейік, бұл учаскеде оның балалары мен немерелері де дауыс бермек.

Қазығұртта 100 жастан асқан қария дауыс берді

«Иә, мен еліміздің тарихындағы қызықты әрі күрделі кезеңдерді бастан өткердім, тәуелсіз Қазақстандағы барлық саяси дауыс берулерге қатыстым. Айтарым, өзгерістерден ешқашан қорықпау керек. Ең бастысы – заман ағымымен бірге қадам басу, сонда бәрі жақсы болады. Әрине, жастардың тағдыры мені бейжай қалдырмайды. Сондықтан бүгін мен болашақ ұрпақтың игілігі үшін таңдау жасадым. Жастар менің жасымдай ұзақ өмір сүріп, бейбіт әрі бақытты заманда ғұмыр кешсін.

Осы маңызды оқиғамен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймын. Елімізге амандық, халқымызға береке, мемлекетімізге одан әрі гүлдену тілеймін», деді Солтанбай Жарықбасов.

 

Соңғы жаңалықтар