Соңғы жаңалықтар
Парламент • 08 Желтоқсан, 2025
Депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы маңызды мәселелерді талқылады
Мәжіліс делегациясы Мәскеуде Мәжіліс пен Ресей Думасы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік комиссияның XII отырысына қатысты. Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау мен Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Александр Жуковтың төрағалығымен өткен Палатааралық комиссияның отырысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындыларын талқылаудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Палестина Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan чемпионатына 15 жаңа құзыреттілік қосылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты әлі де жалғасып жатыр. Биыл чемпионатқа қатысушылардың саны 1,5 есе артқан. Мәселен, былтыр 548 оқушы қатысқан болса, биыл 825 студент қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада жас жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен
Астанадағы сауда орталығының бірінде әскери комиссариат қызметкерлері 23 жастағы жігітті еркінен тыс алып кеткен. Оқиға куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Аталған жағдайға елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 08 Желтоқсан, 2025
Салық реформасы: жаңа жылдан бастап өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді «жаңа таза парақтан бастау» жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті
Келер жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматы өзгерді
Қазақстанда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жүйесі жаңарып, оның мазмұны түбегейлі өзгерді. Бұдан былай аттестаттау бақылау шарасы ретінде емес, оқу орындарындағы білім сапасын, қолжетімділігін және мемлекеттік стандартқа сәйкестігін кешенді бағалайтын тетік ретінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Желтоқсан, 2025
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: доллар бағамы 508 теңгеге жетті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 508,30 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Желтоқсан, 2025
Иманбекке «Құрмет ордені» табысталды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында ел тарихында тұңғыш рет «Грэмми» жүлдесін алған музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда пәтерінде есірткі тектес өсімдік өсірген тұрғын ұсталды
Алматылық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді тексерді. Тексеру барысында Әуезов ауданында үйін зертханаға айналдырған тұрғын қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
МӘМС аясында балаларға тіс импланттары салынбайды
Әлеуметтік желілерде Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен қоса бірнеше облыста 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба басталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Медициналық сақтандыру қоры осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау шаралары күшейтілді
Қазақстанның Азаматтық альянсы ауылдық қоғамдық ұйымдардың кәсіби деңгейін көтеруге және олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасалған «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасын сәтті жүзеге асырды. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен іске асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Шнайдер көпіріндегі апат: Басқарма басшысы лауазымынан босатылды
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Қостанайлық тұрғын лицензиясы жоқ салоннан 1,2 млн теңгесін қайтарып алды
Осы жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1,2 млн теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзып, салоннан ақшаны қайтаруды талап еткен. Салон тұтынушының талабын ескерусіз қалдырғаннан кейін, қостанайлық тұрғын Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Ақтөбе облысында 53 жолаушы күрделі жағдайға тап болған
Аталған өңірдің Әйтеке би ауданы аумағындағы республикалық тас жолдың 950-ші шақырымы тұсында 53 адам күрделі жол жағдайына тап болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Жетісу облысында қауіпті қалдықтар оқушыларға қолжетімді жерде сақталған
Аталған облысқа қарасты Алакөл ауданы прокуратурасы мектептер мен мемлекеттік балабақшаларда қауіпті қалдықтарды пайдалану, сақтау және кәдеге жарату кезінде заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада таңертеңнен бері 100-ге жуық жол апаты тіркелді
Бүгін елордада қалың қар жауып, жолдардың тайғақ болуы салдарынан 93 жол-көлік оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда автобус апатқа ұшырап, кішкентай бала зардап шекті
Алматының Әуезов ауданында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz kris_p_almata парақшасына сілтеме жасап.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан наградаларын бүгін қолына алды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстандағы 662 стоматологиялық клиникаға тексеріс жүргізіледі
Елімізде балалардың бір сәтте бірнеше тісін жалпы наркозбен емдеу жағдайлары бойынша шағымдар жиілеп кеткен соң, Денсаулық сақтау министрлігі стоматалогиялық клиникаларға тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Қостанай облысында қылқанжапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Қостанай қаласына Ресей ормандарында шабылған жас шыршалар әкеліне бастады. Осыған орай, табиғат қорғаушылар жергілікті ормандардағы қылқан жапырақты ағаштардың амандығын қадағалауды күшейтті. Мәселен, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жанынан құрылған мобильді топтар 11 орман шаруашылығында рейд өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Жамбыл облысында 30 жыл тазаланбаған су арналары ретке келтіріліп жатыр
«Қазсушар» РМК-ның өңірдегі филиалы онға жуық жер арығын механикалық әдіспен тазартып жатыр. Жұмысқа Су ресурстары және ирригация министрлігі ұсынған жаңа арнайы техника тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланда асыл тұқымды қызметтік иттердің қатары артып келеді
Биыл 6654 әскери бөлімнің кинология орталығында асыл тұқымды 40-тан астам күшік болашақта ел тыныштығын қамтамасыз етуге үйретіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
«Қазгидромет» синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Атырауда аңшылық кезінде ер адам серігін атып өлтірген
Қайғылы жағдай 6 желтоқсанда түнгі сағат 02:30 шамасында Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Аққора ауылы маңындағы далада болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Күрес федерациясының басшысы ауысты
Күрес түрлерінен республикалық қоғамдық бірлестіктің жылдық қорытынды конференциясының отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
ҚТЖ жаңа плацкарт вагондарын таныстырды
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Stadler Kazakhstan» ЖШС компаниясы ел ішінде пайдалануға берілетін жаңа үлгідегі плацкарт вагонның суреттерін ұсынды. Заманауи вагондар еліміздің климаттық ерекшеліктерін, ұзақ бағыттардағы жүктемені және халықаралық стандарттарды ескере отырып жасалған, деп жазады Egemen.kz
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Заңды өрескел бұзған 4 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті. Сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 4 судьяға тәртіптік жаза (2-еуіне ескерту, 2-еуіне сөгіс) қолданылды. Ал 3 судьяның әрекеттерінде тәртіптік теріс қылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
600 миллиард доллар: Ірі онлайн-казино схемасы әшкереленді
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казино қызметін тоқтату және оған қатысы бар қаржы арналарын бұғаттау бағытындағы шараларды күшейтті. Тексеру нәтижесінде төлем ұйымдары арқылы қаражатты заңды транзакциялар ретінде көрсетіп, шын мәнінде онлайн-казино шоттарына аударып отырған трансшекаралық схема анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.