Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Мал шаруашылығында өсім бар

0 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы ет өндіру бойынша 10,5% өсімге қол жеткізді. 2026 жылға мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспары жасалған. Сөйтіп, биыл мал санын 894 мың тұяққа дейін жеткізу көзделген. Соның ішінде жылқының санын – 166 мың, қара малды – 298 мың, қой-ешкіні 430 мың тұяққа дейін өсіру межеленіп отыр. Осы шаралар іске асса, облыс ет өндіру көлемін 50,4 мың тоннаға жеткізуге тиіс.

Мал шаруашылығында өсім бар

Сурет: baibolsyn.kz

Облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың ­айтуынша, ауыл шаруашылығының өсімі – 10,2%, өнеркәсіп – 19,9%, инвестиция құю – 3,9%, құрылыс 27% өсім көрсеткен. Сондай-ақ сауда – 12,6%, байланыс 1,1% өсімге қол жеткізген.

Соның ішінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің құны 1,1 трлн теңге болған. «Мұндай табысқа қол жеткізу оңай емес, егер мемлекет тарапынан бөлінген 163 млрд теңгеге тең жеңілдетілген, қолдау қаржылары болмаса, жоғары табыс мүмкін болмас еді», дейді Қ.Дүзелбаев.

Мал өсірудің алғышарттарының бірі – ветеринар­лық қызметтің жоғары сапада болуы. Облыс осы талапты орындау үшін биыл жаңадан 57 ветеринарлық бекет пен ­2 аудандық станса ашқалы отыр.

Ауылдық жерлерде дау тудырып жүрген мәселенің бірі – аурудан өлген малды зарарсыздандыру жұмыстары. Осыны ескере отырып, малдың өлексесін көметін 32 орын ашу жоспарланған. Сонымен қатар жоғары технологиялы 85 дана ветеринарлық жарақтар сатып алу да қарастырылған.

Мал ауруының алдын алу мақсатында биыл 8 млн тұяқ малды вакциналау көзделіп отыр. Бірақ бұл шара қатаң ба­қылауды қажет етеді. Әйтпесе екпе салынғаны туралы жал­ған құжат жасау оңай. Вакциналаумен қатар, облыс 1,2 млн тұяқ мал мен құсқа диагностикалық зерттеулер жасауды жоспарлаған. Бұл – 2025 жылға қарағанда екі есеге артық.

Осы жұмыстардың бәрін атқаруға мамандар мен жұмысшы қолы керек. Былтыр облыста барлығы 20 мың­дай адам түрлі жұмысқа орналастырылған. Сөйтіп, облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,4 пайызға төмендеген. Жұмыс орындарын толтырудың бір амалы – қоныс аударушылар мен қандастардың көшіп келуіне жағдай жасау. Бұл мақсатқа арнайы бағдарлама жасалып, іске асырылып жатыр.

Облыста ауыл шаруашылығының жаңа өнімдерін шығаратын жобалар да іске асырылып отыр. Былтырдан бері «SalarFarm» ЖШС түйіршік жоңышқа шығаратын 5 млрд теңгенің жобасы іске асырылған. Кәсіпорын толық күшіне енгенде 15 адамдық жұмыс орны ашылуға тиіс.

Сондай-ақ «Евразиан Милк» ЖШС жылына 12 мың тонна қоюлатылған сүт шығаратын цехты іске қосты. «Север Агро LTD» ЖШС құрғақ қымыз өндіретін инновация­лық ферма ашты. 400 тұяқ биенің сүтін құрғататын бұл өндірістің құны 3,2 млрд теңге болды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05

Қыз мінезді қыс

Пікір • Бүгін, 09:00

Ет экспортына талап жоғары

Экспорт • Бүгін, 08:50

Мал шаруашылығында өсім бар

Шаруашылық • Бүгін, 08:45