Олимпиада • Бүгін, 10:48

Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысқы Олимпиада ойындарының соңғы жарыс күндерінің бірінде Италияның Милан, Кортина-д’Ампеццо және солтүстік аймақтағы өзге қалаларында қазақстандық спортшылар үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қысқы Олимпиада-2026: Бүгін ел спортшылары қандай жарыстарға қатысады?

фото: Турар Казангапов, ҰОК

15:00 (Қазақстан уақытымен) – ерлер арасындағы 50 км шаңғы жарысы (масс-старт). Жарыс жолына Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков шығады.

14:45 – фристайл-акробатикадан командалық сайыс.
Іріктеу кезеңі мен финалда Аяна Жолдас, Роман Иванов және Асан Асылхан өнер көрсетеді.

19:50 – конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы масс-старт. Қазақстан атынан Елизавета Голубева қатысады.

Фристайл-акробатика: Отандастарымыз Олимпиаданың финалына өте алмады

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада-2026 ойындарында Қазақстан атынан 10 спорт түрінен 36 спортшы қатысып жатыр. Сондай-ақ ел өкілдері фристайл-могул мен мәнерлеп сырғанаудан төрешілер құрамында да бар.

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан үздік ондыққа кірді

 
Соңғы жаңалықтар

Әр адамның пікірі маңызды

Ата заң • Бүгін, 11:20

Тәлімбақтар тапшылығы

Аймақтар • Бүгін, 09:05