е
Президент • 24 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Мемлекет басшысына отандық CryptoPay жүйесін пайдалану арқылы Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 24 Сәуір, 2026
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
1 шілдеден бастап ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлеме бастапқы жарна көлеміне қарай белгіленеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 24 Сәуір, 2026
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Өзбекстанға Ресейден «Аврора» вагондары жеткізілген. Екі қабатты құрылымының арқасында оған кәдімгі вагондарға қарағанда екі есе көп жолаушы сыяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Сәуір, 2026
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
«Болашақ ойындары-2026» халықаралық турнирі Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Сәуір, 2026
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, зерттеу университеті Alem.ai базасында орналасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 24 Сәуір, 2026
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Сәуір, 2026
Президент Alem.ai орталығында: Астанада Smart City жобасы іске қосылды
Орталықта жасанды интеллект саласындағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламалары жүргізіліп, стартап-бастамалар мен басқа да қолданбалы шешімдердің енгізілуіне жағдай жасалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұлға • 24 Сәуір, 2026
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тарихта әділетсіздіктің құрбаны болып, ұмытылған тұлға көп, соның бірі – қазақтан шыққан тұңғыш драматург, қоғам қайраткері Ишанғали Меңдіханов.
Үкімет • 24 Сәуір, 2026
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Премьер-министр Олжас Бектенов туризм және спорт министрі, Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдері, сондай-ақ Almaty Superski жобасын жүзеге асыруға жауапты Kazakh Tourism Development Ltd басшылығының қатысуымен Алматы тау кластерін (АТК) дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Сәуір, 2026
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қазақстан квотасымен өзге ел азаматтарын қажылыққа апарғандарға Қазақстан және Сауд Арабиясы тарапынан заңды шаралар қолданылады. Бұл туралы Астанада өткен 2026 жылғы қажылықты ұйымдастыруға арналған кеңейтілген жиналыста айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Осылайша бұл көрсеткіш өткен жылдың қазан айынан бері өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 24 Сәуір, 2026
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Команданың тізгінін тәжірибелі маман Мирослав Ромащенко ұстады. Ол бұл қызметте Нұрбол Жұмасқалиевты алмастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бюджет • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Қазақстанда 2026 жылғы 19 шілдеден бастап барлық банктер бірыңғай банкаралық QR-төлемдер жүйесіне қосылуға міндетті болады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 24 Сәуір, 2026
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Жолаушылар сұранысының артуына байланысты Астана және Ақтау бағыттарындағы бірқатар рейстер жиілейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 24 Сәуір, 2026
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Қазақстан футбол федерациясы Даму кубогі матчтарына U-16 жасөспірімдер құрамасына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Тізімге таяуда Испанияның атақты командасы «Барсеолонамен» келісімшартқа отырған Кәрім Меңдіханов та енді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 24 Сәуір, 2026
Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды
Еуропалық одақ 2026 жылғы 23 сәуірде Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін жариялады. Аталған тізімге енгізілген субъектілер қатарында Қазақстанда тіркелген United Trading Group компаниясы да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді
Бүгін таңертең Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Бөлекпаев көшесі бойында орналасқан төрт қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 24 Сәуір, 2026
Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің көшпелі отырысында есірткіге, алкогольге тәуелділікті және ойынқұмарлықты емдеу мәселелері қаралды. Талқылау комитет жетекшісі Асхат Аймағамбетовтің төрағалығымен Астана қаласының Қалалық психикалық денсаулық орталығында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Сәуір, 2026
Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді
«Сергек» камералары енді жол ережесін бұзғандарды ғана емес, қоғамдық орындардағы күдікті жағдайларды да тіркей алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды
Алматыда аялдамада қарт әйелге шабуыл жасаған күдікті жедел ұсталды. Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жәбірленушінің қызы жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады
Ақтау қаласында кезекті жаппай төбелес фактісі тіркелді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаланың 20-шағын ауданында бірнеше адам екі жасөспірімге шабуыл жасап, дене жарақатын салған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 24 Сәуір, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады
24 сәуір күні республиканың басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жекелеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс және батыста – жауын-шашын, дауыл, тұман, екпінді жел, батыс және оңтүстікте – шаңды дауыл, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Сәуір, 2026
Қазақстанда соңғы бес жылда ана өлімі 35%-ға төмендеді
Соңғы бес жылда Қазақстанда ана өлімі 35%-ға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Астанада өткен халықаралық сессияда мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 24 Сәуір, 2026
Жамбыл облысында 39 жылқыны ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Ішкі істер министрлігінің мал ұрлығына қарсы күресті күшейту бағытында жасаған жұмыстарының нәтижесінде сәуірдің екінші онкүндігінде Жамбыл облысының Сарысу ауданында жылқы ұрлығымен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 24 Сәуір, 2026
Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Сәуір, 2026
Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады
Қазақстандық талантты әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында жеңіске жетті. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесін құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 23 Сәуір, 2026
Петропавлда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды
Жуырда Петропавл қаласында омыртқаның жарығына тұңғыш рет ота жасалды. Бұрын мұндай оталар біздің елімізде тек Астана, Алматы, Қарағанды және Орал қалаларында ғана жасалатын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 23 Сәуір, 2026
RES 2026 халықаралық саммиті: Әуезов университеті ғалымдарының экологиялық жобалары таныстырылды
Астанада бірқатар ел басшыларының қатысуымен өткен Өңірлік экологиялық RES 2026 саммиті аясында жасыл технологиялар көрмесі ұйымдастырылып, онда М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары өздерінің бірегей ғылыми жобаларын ұсынды. Ауқымды жиын экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және жасыл энергетиканы дамыту мәселелерін талқылауға арналды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 23 Сәуір, 2026
Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті
Астанада Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің ашылу салтанатында ауқымды гала-концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ресей Федерациясы Мәдениет министрінің орынбасары Андрей Малышев, сондай-ақ екі елдің дипломатиялық корпусы мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң мен Тәртіп • 23 Сәуір, 2026
Павлодарда 2 студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болған
Павлодар облысында бопсалау күдігімен екі студент ұсталды. Олар өз әрекеттерін заңсыз схемалар арқылы іске асыруды жоспарлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.