Оқиға • Бүгін, 09:58

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда аялдамада қарт әйелге шабуыл жасаған күдікті жедел ұсталды. Оқиға туралы Threads әлеуметтік желісінде жәбірленушінің қызы жазған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Оның айтуынша, оқиға Санаторий Алматы көшесінде болған. Күдікті айналада ешкім жоқ сәтті пайдаланып, 66 жастағы әйелге артынан келіп, басы мен денесінің жоғарғы бөлігіне қол-аяғымен аяусыз соққы жасаған. Қазіргі уақытта зардап шеккен әйел ауруханада жатыр.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Әкесін соққыға жыққан азаматтың ісі: Сот айыпталушыға қатысты үкімді өзгертті

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Түркістан облысы Шардара ауданында 70 жастағы денсаулығы нашар әкесін жүйелі түрде ұрып келген күдіктінің жазасы қатаңдатылған еді. 

Соңғы жаңалықтар