Мәдениет • Бүгін, 09:17

Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық талантты әнші Нұржас Садырбаев «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасында жеңіске жетті. Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында өнер иесін құттықтады, деп жазады Egemen.kz

Аида Балаева Нұржас Садырбаевты халықаралық жобадағы жеңісімен құттықтады

«Талантты әнші Нұржас Садырбаевты «Voice Beyond Horizon» халықаралық жобасындағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!

Нұржастың таланты, еңбегі мен сахнадағы шеберлігі әлемнің әр елінен келген қатысушылар арасында ерекше танылып, лайықты түрде жоғары бағаланды.

Димаш Құдайбергеннің бастамасымен іске асқан жоба Түркістан қаласында бастау алып, Ақтау мен Алматыда жалғасып, елордада қорытындыланды. Қытай, Қазақстан, Малайзия, Сербия, Италия және Қырғызстан елдерінен келген қатысушылар Қазақстанның киелі жерлерін бірге аралап, халқымыздың мәдениетімен, тарихымен және еліміздің бай табиғатымен танысты.

Өнер жолында табанды еңбек етіп, еліміздің мәдениетін әлемге танытып жүрген жас дарын иесіне алдағы уақытта да жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін. Қазақ өнерінің көкжиегі кеңейе берсін!», деді Аида Балаева.

Еске сала кетейік, 5 ақпан күні Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің мыңдаған жанкүйері өнер иесімен бірге «Voice Beyond Horizon» атты ауқымды премьерасының алғашқы эпизодын тамашалау үшін бас қосты.
Соңғы жаңалықтар