Оқиға • Бүгін, 10:38

Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Бөлекпаев көшесі бойында орналасқан төрт қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді

Фото: ТЖМ

Құтқарушылардың мәліметінше өрт ғимараттың жертөле қабатындағы саунаның бу бөлмесінде басталған.

Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бұл ғимаратта медициналық мекеме орналасқан. Құтқарушылар жеткенге дейін шамамен 150 адам өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. 

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты

Өрт таңғы сағат 08:43-те оқшауланғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар