фото: polisia.kz
Тергеу барысында олардың далада қараусыз жайылған малды алдын ала бақылап, түнде «Газель» көлігімен келіп тиеп әкеткені анықталған. Ұрланған жылқылар кейін көршілес аудандарға жеткізіліп, жергілікті тұрғындарға сатылған.
Қазіргі уақытта күдіктілердің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны қолды еткені дәлелденді. Барлық күдікті қамауға алынды.
17 жыл мал баққан шопан күдікке ілінді: Жетісу облысында ірі көлемдегі мал ұрлығы ашылды
Министрліктің мәліметінше, мал ұрлығы үшін мүлікті тәркілеу және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полиция мал иелеріне төрт түлікті қараусыз қалдырмай, міндетті түрде сәйкестендіруді ескертеді.