Фото: Ашық дереккөз
Ұлттық банк мәліметінше, тиісті заңға енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін бөлшек төлемдермен жұмыс істейтін барлық банктер жүйеге қосылуға міндеттеледі. Банктер белгіленген мерзімге дейін техникалық дайындықтан өтіп, клиенттерге жаңа сервистерді ұсынуы тиіс.
Қазіргі уақытта 16 банк жүйеге қатысуын растаған. Оның ішінде 12-сі – банкаралық ақша аударымдарды, 7 банк және «Қазпошта» QR-төлемдерді іске қосқан.
Ұлттық банк жүйенің техникалық тұрғыдан толық дайын екенін, алайда енгізу қарқыны әр банктің ішкі дайындығына байланысты екенін атап өтті. Бірыңғай QR жүйесін енгізу банктердің өз жеке төлем сервистерін дамытуына шектеу қоймайды.